Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов Есіл бойында
Сабақтың мақсаты: Өтілген сабақ бойынша білімдерін жинақтап бекіту.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтап, қорыту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, сайыстыру, ойын сабағы.
Пән аралық байланыс: География, қазақ тілі
Көрнекілігі: С. Мұқанов шығармалары, бүктеме, карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды кезекші арқылы түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөліп алу, топ жетекшілерін сайлау. (Ғибрат, Қасиет, Дарын)
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
С. Мұқанов - қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының бірі. Ол 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында Мұқан деген кісінің отбасында дүниеге келген.
Енді балалар, өздерінің С. Мұқанов аталарың жайында не білесіңдер, қандай шығармалары бар?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ топ өздеріне белгілеген білім бойынша, бөлімдерге тақырып қойып, қысқаша мазмұнын айтып өтеді.
І топ сурет салады
ІІ топ С. Мұқанов өмірінен бүктеме жасайды.
ІІІ топ Тапсырып бес жолдық тұжырымдама жазады.
1. Зат есім (бір сөз) өзен
2. Сын есім(екі сөз) сұлу, асау
3. Етістік (үш сөз) шалынады, шапшиды, төгіледі
4. Үстеу (төрт сөз) сумаңдай, ширақталып, мұнартып, сыймай
5. Түйін сөз (бес сөз) Есіл тасып барады жардан асып...
Әрі қарай алған білімдерімізді жинақтап, бүгінгі сабақты ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы ойынымен жалғастырсақ.
Ойын VІІ кезеңнен тұрады.
І. Бәйге
Әр топқа бес сұрақтан қойылады:
І топ.
1. Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесі кім туралы? (Әнші Әмірхан)
2. С. Мұқанов қай облыста дүниеге келген? (Солтүстік Қазақстан)
3. Көксерек кімнің әңгімесі? (М. Әуезов)
4. Луи Арагон қай елдің жазушысы? (Француз)
5. Эпифора дегеніміз не? (Жол аяғында қайталау)
ІІ топ.
1. І. Жансүгіровтің Әнші өлеңі кім туралы? (Әсет Найманбайұлы)
2. І. Жансүгіров қай облыста дүниеге келген? (Талдықорған)
3. Қамаудан кімнің өлеңі? (С. Сейфуллин)
4. Ш. Аймауытов қай елдің жазушысы? (Қырғыз)
5. Анафора дегеніміз не? (сөзді жол басында қайталау)
ІІІ топ.
1. Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері? (Көксерек)
2. М. Әуезов қай облыста дүниеге келген? (Семей)
3. Ботагөз романының авторы кім? (С. Мұқанов)
4. Мұратбек қай әңгіменің кейіпкері? (Есіл бойында)
5. Тақырып дегеніміз не? (Жазушының суреттеп отырған өмір құбылысы)
ІІ. Көкпар
Әр топтан бір оқушы шығып билет алады. Берілген тақырып бойынша мақал - мәтел айтады. Қанша мақал - мәтел айтса сонша ұпай жинайды.
Тақырыбы: Ана. Еңбек. Білім.
ІІІ. Тіл өнері.
Әңгімеден бір сөйлем алынады, ішінен бір сөз қалдырып кетеді, сол сөзді тауып орысша, ағылшынша аудармасын айтады.
1. Қарақат, тәтті де,... да жеміс - ау!... (сұлу, красивый, бютефуюл)
2.....- адамға жеңсік. (жеміс, фркуты, фрут)
3. Тәттілігі қандай сол... (судың, вода, отә)
4. Одан кейін - тағы мың... (ән, песня)
5. Сол күні қарлы... жауған екен (жаңбыр, дождь рейнь)
6. Ол - өте... ән (жақсы, хорошо, гудь)
ІV. Жанды сөз.
Өтілген тақырыптар бойынша үш топ үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды.
V. Суретте, бейнеле.
Мырзатай бейнесін құрастырамыз. Дәптерлерін ашып Мырзатай бейнесін топтастырып жазады. Бір оқушы жауап береді.
VІ. Шешен сөз.
Үш тақырып бойынша әр топтан бір - бір оқушыдан шығып тақырып алады. Тақырыпқа байланысты өз ой пікірін ортаға салады.
Тақырыбы:
1. Мұратбектің орнында болған да не істер едің?
2. Мырзатай қандай халық композиторының әндерін айтады?
3. Ұлпаны қандай қыз деп ойлайсың?
VІІ. Жорға
Өткен тақырыпқа байланысты әр топқа бос сұрақтан сұрақтар қойлады?
ІІІ. Қорытынды:
Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз қатарды анықтап, белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
І V. Үйге тапсырма: Есіл тасып барады әннің тарихына әңгіме құрастырып жазу.
VІІ. Жорға
І топ.
1. Метафора дегеніміз не? (суреттеп отырған затты айқындау үшін өздеріне ұқсас затқа баламалап айту.)
2. С. Торайғыров неше жыл өмір сүрді? (27жыл)
3. Қараадыр сайы, қасқырлар мекені қай шығармадан алынған, авторы кім? ( Көксерек М. Әуезов)
4. Кейіптеу дегеніміз не? (жансыз заттарға адамның әрекет сезімдерін теңдеп суреттеу)
5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45сөз)
ІІ топ.
1. Портрет дегеніміз не? (кейіпкердің сырт пішіні, түр түсі, кескін келбетін суреттеу)
2. І. Жансүгіровтің Әнші әңгімесіндегі Әмірхан сүйген қыздың аты кім? (Ақтамақ)
3. Жетішатыр - жақсы қала. Қай шығармадан алынған, авторы кім? (Әнші. Аймауытов)
4. Абай қарасөздерін қай жылдар арасында жазды? (1890 - 1898 жж)
5. Мұң - шер өлеңдеріне қандай өлеңдер жатады? (Қоштасу, естірту, жоқтау, бата)
ІІІ топ
1. Алғадай кімнің ұлы? (Ж. Жабаев)
2. Ұйқас дегеніміз не? (Әр тармақтың аяғындағы буындар үндестігі)
3. Шіркін, қарақат, тәтті де, сұлу да жеміс - ау? Қай әңгімеден алынған, авторы кім? (Есіл бойында С. Мұқанов)
4. Алтын көрсе періште жолдан таяқ Абайдың нешінші қара сөзінде кездеседі? (29 сөз)
5. Қазақ өлеңі көбінесе неше тармақтан тұрады? (4 тармақтан)