Сұлтан Қалиевтің өлеңдері
Сәлем саған, мектебім,
Алтын ұям, армысың.
Көңілімде көп менің,
Саған айтар алғысым.
Көңілді өтті демалыс,
Кездім дала, тауды да.
Жайлаудағы ең алыс,
Бардым атам аулына.
Нұр себілсін бөлмеңе,
Теріп келдім қыр гүлін.
Құйшы тағы кеудеме,
Қоңыраудың сырлы үнін.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебінің
оқушысы Рабаева Ақзер
Мұғалімі: Нурекешова Тойган