Жүрегім менің кім

Скачать

Тақырыбы: Анама арнап ән саламын ертеңгілігі
Залға балалар гүл ұстап көңілді әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Бүгін қандай мереке?
Бүгін кімдердің мерекесі?
Балалар: Жауап береді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, бүгін аналардың, әжелердің қыздарымыздың мерекесі. Ал ендеше құрметті қонақтар, ардақты әжелер, асыл аналар, қызғалдақ қыздар мерекелеріңіз құтты болсын.
Балалармен бірге: Құттықтаймыз.
Ән: Мама
Ал, ендігі кезекте асыл аналарымызға арналған тақпақтарымызды тыңдайық.
Мансур: Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңмен құттықтап,
Ән айтамын мен саған

Сұлтан: Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын Анажан
Қуанышқа шаттыққа
Бөлене бер Анажан
Малика: Аялаған әлпештеп
Мейіріңе қанбаған
Жанерке: Анам менің тамаша
Қуанады балаша
Бекнұр: Анам менің алтын ғой
Аялайды баласын

Сахналық қойылым
Сыртқы есіктен Әже кіріп келеді. Әже балабақшадан немересін алуға келеді.
Әжесіне немересі еркелеп жүгіріп шығады. Әжесі немересін еркелетіп:
- Жүрегім менің кім?
- Немересі: Мени, Әже
- Тірегім менің кім?
- Немересі: Мен әже
- Жаным менің кім?
- Немересі: Мен Әже
- Ботақаным, балапаным
Не деген тәтті баласың өзің?
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, Әже, мен қарға емеспін,
Керегі жоқ ондайдың
Қарға қарқ - қарқ етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасында боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Тірегің жүрегің мен болам! Әже!
Тәрбиеші: Иә, әже немереңіз аман болсын!
Немерелеріңіздің биін тамашалап отырыңыз.

Би: топ биі
Тәрбиеші: Әжелерге арнаған тақпақтарымызды тыңдай отырайық.
Медина: Әжем менің қорғаным
Әжем менің ақылшым
Нұрсая: Бала жоқ қой бақытты
Әжесі бар баладан
Әбілхайыр: Болса шіркін, бар әже
Менің әжем сияқты
Тәрбиеші: Әже сізге арнаған әже әнін арнаймыз
Жеке ән: Мадинаның орындауында Әже
Әже: Көп рахмет немерелерім өнерлерің үстем болсын!
Ой жүрегім ботақандарым менің! Немеремді алып үйге кетейін. Сау болыңыздар!
(Жай әуенмен Көктем ханшайымы келеді)
Ханшайым:
Дала гүлге бөленді
Қуанышқа кенелді
Орман, тоғай бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнелді
Шұғыламды төккенмін
Саламатсыз ба? Балалар, әжелер, аналар мен ұстаздар
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Көктем ханшайымы.
Ханшайым: Мен сендерге Көктем биін әкелдім
Қыздармен би
Балалар аналарға арнап гүл құрастыру ойынын ойнайық.

Ойын: Гүл құрастыру

Би: Қуыршақтар
Көктем ханшайымы балалармен қоштасып шығып кетеді
Ән: Алақай
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар! Барлықтарын өте жақсы қатыстыңдар. Барлықтарыңа бақытты балалық шақ тілеймін!

Атырау қаласы
МКҚК №29 Нұрсая бөбекжай балабақшасы
І кіші топ тәрбиеші Утегенова Мөлдір Нұрланқызы


Скачать


zharar.kz