Біз денсаулықты таңдаймыз (Бағдарлама)
Ақтөбе облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, орталықтың тәрбиешісі Н. Т. Имашеваның Біз денсаулықты таңдаймыз атты бағдарлама
Пікір
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді жолдауында: Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет, біздің балалардың дені сау, саналы, білімді, өресі биік болып өсуі тиіс , - деп айтқан болатын.
Мақсаты: Қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмаған балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, салауатты өмір сүру салтын сақтау дағдыларын қалыптастыру және ұстану арқылы, тез бейімдеу және қайта әлеуметтендіру өмірге ену.
Бағдарламаның мазмұны:
1. Е. Д. Т. элементтері мен ертеңгілік гимнастика.
2. Динамикалық кідірістер.
3. Қазақ халықтарының ұлттық ойындары.
4. Өзіңді біл тәрбие сағаттары.
5. Денсаулық күнімен апталығы
Біздің орталықта ертеңгілік гимнастика музыка әуенімен сүйемелденеді. Балаларға жаттығуды жеңіл түрінен бастаймыз, өйткені ұйқыдан тұрған баланың барлық мүшелерін жайлап кідіріспен әуен арқылы көңілін көтеріп, күні бойы сергек, жігерлі болып, өмірге деген құлшынысын ояту.
Қазақ халықтарының ұлттық ойындарын алып отырған себебім, әр ұлттың балалары орталыққа келіп түседі. Сондықтанда мақсатым осы ұлттық ойындар арқылы балаларға түсіндіріп жеткізу, ойын арқылы дене жаттығуларын дамыту. Қазақтың ұлттық ойындары бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дамуы жақсарады, екіншіден, ұлттық ойындарының мазмұны, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады
Қорытындылай келе осы жазылған әдістемелік ұсыныстар өте тиімді де және маңызды болып саналатын оқу - әдістемелік материал деуге болады. Жазылған жұмыс өзінің мағынасы мен мәнімен жалпы білім беретін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешілеріне арналғаны анық. Мұғалімдер Бағдарламаны өз тәжірибелерінде кең қолданысқа ие болатынына сенімдіміз.