Бағдаршаммен бағалау

Скачать

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
№ 188 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Орынбаева Гүлбану Абубакировна

Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың аты: 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір.
Жалпы мақсаты: Білімдерін кеңейтуге көмектесу, неғұрлым жан - жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу
Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнындағы нақты деректерді негіздейді, қорытынды шығарады, барлық көзқарастарға көңіл бөледі, өзара жақын қарым - қатынас орнатады.
Негізгі идеялар: Сталиндік казармалық жүйе, оның елдегі көріністері, репрессия Алаш еңбекпен түзеу лагерлері , Степлаг, Карлаг, Алжир

Тапсырмалар 1. Лездік сұрақтар
2. Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс)
3. Жұптық жұмыс (Өзара сұрақ қою)
4. Жеке жұмыс (Кесте)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру
1. 1. Сынып оқушыларына психологиялық жағымды ахуал туғызу (2 - минут) Менің тілегім
1. 2. Топқа бөлу (стикерлер бойынша),( 2 - минут)

ІІ. Лездік сұрақтар . (3 - минут)
 Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болады?
 1930 1932 жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағы демографиалық жағдайға қалай әсер етті?
 Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болады?
 Қазақ шаруаларының көшпелі, жартылай көшпелі түрмыс салты сақталған жағдайда өркениетті кооператорлар қоғамын құру мүмкін бе еді?
Бағдаршаммен бағалау.

II Ойлан. Топтас. Талқыла. Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс)(15 - минут)
Топ бойынша 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтату.
1 - топ. Социализмнің тоталитарлық, сталиндік казармалық сипат алуы.
2 - топ. Ұлт зиялыларының саяси қудалануы. 3 - топ. Сталиндік лагерьлер Гулаг, Карлаг, Степлаг, Алжир.
Оқушылар топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды..
Бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 - минут).

III Пилот - навигатор Жұптық жұмыс( Өзара сұрақтар)(10 - минут)
Екі оқушы әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір - біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

IV Жеке жұмыс (Кесте) (5 - минут)
Глоссарий:
Кооперация (лат. ынтымақтастық)- шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік.
Шаруашылық есеп - КСРО - да енгізілген шаруашылықты жоспарлы жүргізудің әдісі.
Несие - бағалы заттарды ( ақша, тауарлар) қарызға беру.
Дағдарыс - қандай бір нәрседегі шұғыл, тіке бетбұрыс.
Ұжымдастыру - қоғамдастыру, социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық артельдері етіп қайта құру.
Шаруалар - жеке дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері.
Орташа - бай шаруа мен кедей шаруаның арасындағы аралық экономикалық жағдайды иеленген шаруа.
Трагедия - апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
Тәркілеу (конфискация)- қандай да бір дүние мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.
Геноцид - халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
Жазалау шаралары - кек алудың, жазалаудың түрлері.
Репрессия - мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
Миграция - халықтың қоныс аударуы.

5. Тест бойынша білімін бақылау.(5 - мин)
1930 - 1932 ж. ж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай:
А) саяси дағдарыс;
В) ашаршылық;
С) Діни негіздегі қарама – қайшылық;
Д) Экономикалық дағдарыс;
Е) Қаржы дағдарысы.
1930 жылы 4 сәуірде атуға үкім шығарылған қазақ – кеңес әдебиетінің негізін салушы әдебиетшілердің бірі:
А) А. Байтұрсынұлы;
В) М. Дулатұлы;
С) Ж. Аймауытов;
Д) М. Жұмабаев;
Е) С. Сейфуллин.
101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:
А) 47 мыңнан астам;
В) 57 мыңнан астам
С) 67 мыңнан астам;
Д) 27 мыңнан астам;
Е) 37 мыңнан астам.
1937 - 1938 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті ақын – жазушылар:
А) С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин;
В) С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров;
С) М. Ғабдуллин, Д. Әбілов, Ә. Сәрсенбаев;
Д) Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, Б. Бұлқышев;
Е) Ә. Тәжібаев, Ж. Саин. Т. Жароков.

Ұзақ жылдар Карлагта қамауда болып, азап шеккен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған, академик, селекционер:
А) В. Л. Пржецлавский;
В) А. Л. Чижевский;
С) С. П. Королев;
Д) Т. М. Людвиг;
Е) В. С. Пустовойт.

1930 жылдары саяси репрессия кезіндегі лагерлердің жоғарғы бас басқармасы:
А) Гулаг;
В) Чсир;
С) Карлаг;
Д) Степлаг;
Е) Алжир.
Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:
А) М. Шоқай;
В) Е. Бекмаханов;
С) С. Асфендияров;
Д) Т. Рысқұлов;
Е) Ә. Марғұлан.

Лаңкестік жаппай сипат алған кезең:
А) 1930 - 1931жж.
В) 1937 - 1938жж.
С) 1932 - 1933 жж.
Д) 1936 - 1938 жж.
Е) 1930 - 1932 жж.

1930 жылдар КСРО - да орнаған саяси жүйе:
А) Кемелденген социализм;
В) Тотолитарлық, казармалық социализ;
С) Шынайы демократиялық социализ;
Д) Радикалдық демократия;
Е) Коммунизм.

1937 - 1938 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті алаш қайраткері:
А) Ж. Шаяхметов;
В) Х. Досмұхамедов;
С) Ж. Тәшенов;
Д) М. Төлебаев;
Е) Ә. Жангелдин.

6. Кейінгі тапсырма(1мин)
Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау. Жиынтық бағалау жасау
Кері байланыс

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz