Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Жалпы мақсаты: Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету. Бірлесе жұмыс істейді, өзгенің пікірімен санаса отырып, өзінің деңгейін көтереді.
Түйінді идеялар Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Ресурстар: Оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, А3 қағазы, ғаламтор, BilimLand. kz сайты
Әдіс - тәсілдері: Топпен, жұппен, жекелей жұмыс
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда АКТ - ны пайдалану, оқыту үшін бағалау мен және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқытудағы көшбасшылық, дарынды баламен жұмыс
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне тілек айтқызу арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын. Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеремін.
Түрлі - түсті қағаз арқылы топқа бөлемін.
Топ басшысын оқушылармен ақылдаса отырып сайлаймын.
Үйге Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына таныстырылым жасау берілген.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын өлеңменен
Мұра ғып кейінге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
- Абай әдебиетке қандай жаңалық енгізді? - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоясыңдар?
- Қара сөздер дегеніміз не?
- Неше қара сөзі бар?
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Камшат Жаныбековна