Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Дәмді орта мектебі ММ
физика пәнінің мұғалімі Байгенжина Д. Е.
Кинематика негіздері тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
• Кинематика негіздері тарауындағы тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау;
• Алған теориялық білімдерін нақтылау, өз білімін өзі бағалап тексере білу дағдыларын қалыптастыру;
• Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар
Сабақтың барысы:
• І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Суреттер бойынша сағат, автомобиль, арбаша
• Шеңберге тұрып, тілек айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
• Қойылған мақсатқа қарай күтілетін нәтиже:
• 1. Материя, векторлық шамалар, скалярлық шамалар, теңайнымалы қозғалыс, үдеу, еркін түсу, қисықсызықты қозғалыс, бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс, айналу периоды, жиілік, сызықтық және бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу анықтамаларын сауатты айтып беру.
• 2. Физикалық формулаларды жаза білу.
• 3. Формула арқылы есептер шығару.
• 4. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.
ІІІ. Қызығушылықты ояту: Физикалық ой жинақтау.
• 1. Материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті?
• 2. Векторлық шамалар, скалярлық шамалар қандай шамалар деп аталады және қалай белгілейді?
• 3. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 4. Үдеу дегеніміз қандай шама?
• 5. Дененің еркін түсуі деп нені айтады?
• 6. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 7. Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 8. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
• 9. Жиілік деп қандай шамана айтады?
• 10. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар дегеніміз не?
• 11. Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
ІҮ. Мағынаны тану: үш топқа бөлінген тапсырма
• 1 - тапсырма: Формулаларды жазу
Үдеудің формуласын жазыңдар
Осы формуладан жылдамдықты табыңдар
Осы формуладан уақытты табыңдар
• 2 - тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару
Центрге тартқыш үдеудің формуласын жазыңдар
Осы формуладан жылдамдықты табыңдар
Осы формуладан радиусты табыңдар
• 3 - тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу
Периодтың формуласын жазыңдар
Осы формуладан айналым санын табыңдар
Осы формуладан уақытты табыңдар
2 - тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару барлық топқа таратылады
Есептер:
• І - топ
• № 1. 54 км сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыздың терезесінен қарап тұрған жолаушының тұсынан 36 км сағ жылдамдықпен қарсы келе жатқан ұзындығы 150 м пойыз қанша уақытта өтеді? (6 с)
• № 2. Пойыз 0, 5 м с2 үдеумен тежеуді бастап, тоқтағанға дейін 225 м жол жүрді. Оның тежелу басталар алдындағы жылдамдығы қандай?(15м с)
• ІІ - топ
• № 1. Тасжолмен келе жатқан велосипедші 900 м 15 м с, содан кейін 400 м 10 м с жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай? (13м с)
• № 2. Доп 18 м с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары қарай лақтырылды. Ол 3 с қанша орын ауыстырады? Сол уақыт ішінде доп қанша жол жүреді?(9м, 23, 4 м)
• ІІІ - топ
• № 1. Автокөліктің жылдамдығы 20 с ішінде 20 м с - тан 10 м с - қа дейін баяулаған. Автокөлік қозғалысының орташа үдеуі қандай? (0, 5 м с2)
• № 2. Көлдің биік тік жағасында горизонталь бағытта ататын пулемет тұр. Оқтың бастапқы жылдамдығы 800 м с. Оқтың ұшу жылдамдығы қандай? Жардың биіктігі 10 м.(1128м, 800, 12м с)
• 3 - тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу
кластер интерактивті тақтаға шығып жазады.
3. Ой – толғаныс: тест орындау
• Тест барлық оқушыларға
Толық нұсқасын жүктеу