Сәкен Сейфуллин Тұлпарым Сабақтың мақсаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин Тұлпарым
Сабақтың мақсаты: С. Сейфуллиннің өмірімен, еңбектерімен таныстыру. Тұлпарым өлеңінің мазмұнын ұғындыру.
Міндеттері:
Білімділік: Тұлпарым өлеңінің мазмұнын ашу, ақынның негізгі ойын жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өлеңді оқыта отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілік құралдар: портрет, хронологиялық кесте, биопоэма, Т - кестесі, топтастыру сызбасы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кестемен жұмыс.
Пән аралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа назар аударту
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

I. Ендеше біз Ж. Жабаевтың кім екенін тест сұрақтары арқылы білеміз.

1. Жамбыл қай жылы дүниеге келген?
а) 1845 жылы
*ә) 1846 жылы
б) 1847 жылы

2. Жамбылдың әкесінің аты кім?
а) Жанбай
ә) Жанай
*б) Жаппа

3. Жамбылдың ұлының есімі кім?
а) Айбар
*ә) Алғадай
б) Аршын

4. Жамбылдың 1941 – 1945жылғы соғыста солдаттарды жігерлендірген өлеңі.
а) Сұм соғыс
*ә) Ленинградтық өренім
б) Алға, алға...

5. Жамбыл қай жылы неше жасында қайтыс болды?
*а) 1945 жылы 99 жасында
ә) 1946 жылы 100 жасында
б) 1947 жылы 101 жасында

II. Біз Жамбылдың кім екенін білдік, ендеше Т кестесі бойынша үй жұмысын тексереміз.

III. Үй тапсырмасын бекіту.
"Ия"-"Жоқ" – кестесі бойынша жұмыс жасатам.
1 Жамбыл атақты ақын Құлмамбетті жеңді.
2 Жамбыл бай тұқымынан шыққан.
3 Жамбылдың ұстазы Досмағамбет.
4 Үй – үйді аралап жамбыл жарапазан
айтады.
5 Алғадай туралы әрбір ой өлеңін немересіне арнаған.
6 Жамбылдың әкесінің аты Сүйінбай.
7 Ақын 1846 ж дүниеге келген.
8 Атаның әлдиі немересіне арнаған өлең.
9 Алғадай – Ұлы Отан соғыста қаза тапқан ақынның ұлы.
10 Жамбыл Маңғыстау өңірінде туған.
"Ия"-"Жоқ" – кестесін әр оқушыларға таратам.

IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз С. Сейфуллин Тұлпарым өлеңі.
Ақын С. Сейфуллиннің өмір жолына тоқталайық.
XX - ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі С. Сейфуллин.
С. Сейфуллин 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылында туылған. Сәкеннің әкесі Сейфолла, ал анасы Жамал. Сәкеннің шын есімі Садуақас. Оны еркелетіп Сәкен деп атап кеткен. Сәкеннің Өткен күндер атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1914жылы Қазан қаласында
бастырып шығарады.
Хронологиялық кесте

Мерзімі Болған оқиғалар
1894 ж Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының 1 - ауылында туған.
1906 ж Орыс қазақ мектебіне түсіп екі жыл оқиды.
1908 ж Ақмоладағы Приходская школада оқиды.
1913 ж Үш сыныптық училищені бітіреді.
1914 ж Қазан қаласында Өткен күндер атты алғашқы өлеңдер жинағы басылады.
1917 ж Ақмола уезіндегі Сілеті - Бұғылы ауылында мұғалім қызметінде.
1920 ж Ақмола уездік атқару комитеті төреағасының орынбасары.
Өлеңдерінің бірі бүгінгі біздің сабағымыздың басты тақырыбы С. Сейфуллиннің Тұлпарым атты өлеңі.
Өлең мәнерлеп оқылады. Түсінік беріледі. Сұрақтар арқылы Тұлпарым өлеңі пысықталады.
1. Өлеңде тұтқын кім? Оның басты қасиеттерін саралаңдар.
2. Сәкеннің өмір жолынан, өз басынан қандай үлгі алдыңдар?

Кестемен жұмыс
Шумақта не туралы айтылған? Көркем сөз айшықтарын тап Неше бунақ? Неше буын? Қандай ұйқас?
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден.

Тұмарлап баптап айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан.
Шынжырлап ерік бермеген.

Шығармашылық жұмыс.
С. Сейфуллинге байланысты төрт жол өлең шумағын жазып көрейік.
Көп замандар... (жоғалып)
Ортамызға... (келіпсіз)
Тарих шежіре жыр... (жазып)
Ұрпаққа мұра... (беріпсіз)

V. Қорытындылау.
С. Сейфуллин үш бәйтеректің бірі. Үш бәйтерек деп С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлинді айтамыз. Себебі үшеуі де бір жылда туып, бір жылда дүниеден озған.

VI. Жаңа сабақты бекіту.
Биопоэма
1. Аты
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Қашан?
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz