Тақырыбы: Санды өрнектер
Сыныбы: 5
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға санды өрнек ұғымын түсіндіру.
Тәрбиелік: Білімділікке, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ой, білім қабілетін дамыту.
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
Жоспар Уақыты
Ұйымдастыру 1 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
Жаңа сабақ түсіндіру 15 мин
Практикалық жұмыс 20 мин
Үй тапсырмасын беру 1 мин
Қорытынды 2 мин
Бағалау 1 мин
Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру
Теңдеулерді шешіңдер.
1) 390:(4x+3)=26
390=26(4x+3)
390=104x+78
104x=312
x=3
2) 528:(5x - 7)=16
528=16(5x - 7)
528=80x - 112
80x=640
x=8
Жаңа сабақ түсіндіру
1 - есеп. Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашының одан 5 - еуі кем. Бақта неше жеміс ағашы бар?
Шешуі: бақтағы алмұрт ағаштарының саны 12 - 5. Онда бақтағы барлық жеміс ағаштарының саны 12 +(12 - 5).
Мұндағы
12 + (12 - 5)
- санды өрнек.
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады.
Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады.
12+(12 - 5)=12+7=19
Мұндағы 19 - берілген өрнектің мәні.
Мысалы: 127+892 санды өрнегінің мәні 1019, себебі 127+892=1019.
Практикалық жұмыс
Оқушыларға сыныпта есеп шығартылады.
1. Өрнекті оқыңдар
1) 36+11; 27+х; у+19
2) 27 - 16; 36 - 7; 45 - 6
2. Өрнектің мәнін табыңдар.
1) (32+17)- 43=49 - 43=6
2) (84 - 29)+67=55+67=122
3) 332: 83+9=4+9=13
4) 97*5 - 476=485 - 476=9
3. Өрнектің мәндерін салыстырыңдар.
1) 29+16*3 және 26+19*2
29+16*3=29+48=77
26+19*2=26+38=64
29+16*3 98 - 16*4
Қорытынды
1. Санды өрнек дегеніміз не?
2. Өрнектің мәні деген не?
Үй тапсырмасын беру
1. Оқулықтың 7 бетіндегі 3 есептің 5), 6)- ы және 5 есептің 3), 4)- і
2. Өтілген сабақтың мазмұнын қарап келу
Бағалау
Оқушыларға берілген үй тапсырмасы және практикалық жұмыстарды шығаруы бойынша баға қойылады.