Аягөз қалалық
№6 бөбекжай - балабақша тәрбиешісі
Адильханова Айгерім Бейсенғазықызы
Тақырыбы: Әдепті бала - ақылды бала (тәрбие сағаты)
Мақсаты:
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, әдептілік туралы мақал - мәтелдер, дидактикалық ойын
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз!
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Әдепті бала - ақылды бала болып"
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының, үлкенді сыйлау, кішіпейіл бола білу белгісі екен. Сондықтан күнделікті өмірде әдептілік белгілерін дұрыс пайдалана білу керек. Төмендегі тақпақтарға назар аударайық:
Не деу керек?
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не барып жеу керек?
Балалар: Рахмет, апа! деу керек.
Балалар жүр көшеде,
Естілді шу – айхай.
Сенде шықтың досыңды,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Балалар: Кешіріңіз! деу керек.
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір апайың
Ұмыттың сен не деуді?
Балалар: Сәлеметсіз бе? деу керек.
Сергіту сәті:
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол - аяқты кезекпен,
Оңға - солға созамыз.
Күн шыққанда сүйсiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi - жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.
Тәрбиеші: әдептілік жайлы суреттер көрсетеді, әдептілік туралы әңгіме айтып береді.
- Балалар, суретте қараңдаршы мына бала атаға орын бермеді, онысы дұрыс па?
- Жоқ, дұрыс емес.
- Ал, мына бала орын берді, ол дұрыс істеді ме?
- Ия, дұрыс істеді.
- Балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, автобуста үлкендерге орын беру керек. Таныс адамды көрсек міндетті түрде амандасу керек.
- Ал мына суретте үстел үстінде тамақ ішіп отырған бала барлық тәтті тамақтарды алдына үйіп алыпты, осы істеген ісі дұрыс па?
- Жоқ, дұрыс емес.
- Енді мына суретке назар салайықшы. Дүкеннен келе жатқан апаның сөмкесін мына бала көтеріп келе жатыр. Бұл ісі дұрыс па?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл бала әдепті бала екен. Біздің тобымыздағы барлық бала - әдепті бала, өйткені балабақшаға келетін балдырғандар ақылды, білімді, тәрбиелі болып қалыптасады. Өскенде егемен еліміздің толыққанды азаматы боласыңдар.
Мақал - мәтел:
1. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
2. Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
3. Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
(Мақал - мәтелдің мағынасын ашып беру)
Дидактикалық ойын: "Жақсы мен жаман"
Шарты: Балалар жақсы мен жаман әдеттерді ажыратып айту керек.
Балалар сонымен бүгін біз әдептілік туралы көп нәрсе үйрендік. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа аударып, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.