Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№247 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Абуова Ақмарал Сапарғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: 1920 - 1930 жылдардағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға 20 - ғасырдың 20 - 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай - күйі туралы жан - жақты мағлұматтар беру, ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін тестілерді шешу арқылы ҰБТ - ге дайындық жұмыстарын жүргізу;
2. Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге жол ашу, оқушылардың ой - өрісін дамыту;
3. Оқушылардың бойында өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: өткен сабақты пысықтау, бекіту сабақ
Пән аралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу, ән - әуез, геометрия
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, фотосуреттер, Қазақстанның 20 - 30 жылдардағы картасы
Әдіс - тәсілдер: Топпен жұмыс, дискуссия, файндинг, матчинг, тестинг, ТАРСИЯ.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, топқа бөлу
2. Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды 4 бөлімге бөлу
Қазақстанның 1920 - 1930 жылдардағы мәдениеті
↓
Білім саласы
Ғылым саласы
Әдебиет саласы
Өнер саласы
3. Дискуссия . Оқушылардың топтық - шығармашылық жұмыстарын таныстыруы
4. ҰБТ сұрақтарында көп кездесетін, проблемалы сұрақтардың басым көпшілігі сандар мен жылдарға негізделген. Келесі Жылдар мен оқиғалар бөлімінде берілген жылдарға сәйкес, сол жылдарда болған оқиғаларды табу керек.
5. Файндинг қима қағаздағы сұрақтарға жауап беру. Бұл бөлімде оқушылар жылдар мен оқиғаларды, ғалымдар мен жаңалықтарды қаншалықты білетіндерін көрсете алады.
1. Қазақстан ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқан ғалымдардың бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қ. И. Сатпаевқа қай жылы, қоғамға сіңірген еңбегі үшін Лениндік сыйлық берілді? Және ол құрастырып шығарған орта мектепке арналған алғашқы оқулық қалай аталды?
(1942 жылы. Алгебра оқулығы)
2. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
(1932 жылы, наурызда)
3. 1938 жылы КСРО ҒА - ның Қазақ филиалының төрағалық қызметіне кім тағайындалды? (академик А. Д. Архангельский)
4. Қазақстанның Ғылым Академиясы қай жылы құрылды? (1946 жылы 1 маусым)
5. КСРО ҒА - ның Қазақстандық базасы құрылымдық жағынан алғашқы кезде қанша секторға бөлінді? (Екі: зоологиялық және биологиялық)
6. Қазақстанның табиғи байлықтарын зеттеушілерді атаңыз: (Губкин, Курнаков, Сәтбаев)