Темекі қалдығы

Скачать

Тәрбие сағаты 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрт – тілсіз жау
1) Мақсаты: 1. Өрт қауіпінен сақтану жайлы мағлұматтарын кеңейту, Электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу.
2. Қауіпсіздік ережелерін білу, есте сақтау
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Топтастыру жұмысы жүргізіледі.
А) Айналада қандай қауіп бар?
1. жер сілкінісі
2. Су тасқыны
3. Зілзала
4. Өрт
5. Судағы оқиғалар
6. Сел жүру
7. Апаттар
- Осындай жағдайда бізге көмекке не керек?
- Телефон
Телефонда орнатқан
Тоғыз саны болады.
Сол тоғызы хабар салады.
101 – ді алып көрсеңіз,
Шыққан өрттен қорғайды

102 - ні терсеңіз
Тәртіп бұзар болмайды.

103 - ті алсаң күйінбе
Жедел жәрдем зулайды

104 - ті алсаң үйінде
Газдың иісі қалмайды

Телеграф – 106 - ты
Досқа лебіз арнайды

107 - ңіз шалғайға
Шұғыл сәлем жолдайды

Төмен түспей еңсеңіз
Болса кімнің керегі

109 - ды терсеңіз
Түгел айтып береді
3. Мына сөзжұмбақты шешсек
Бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарып аламы.

А) Тыныс алу мүшесі (өкпе)
Ә) Қандай сыпайы сөзді білеміз? (рахмет)
Б) Орман елшісі тоқылдат (Өрт)

1 топ. 1) Өрт дегеніміз не? Тәжірибе жасап көрсетіңіз
Отты жағып көрсетеміз
2 топ. 2) Өрт шығуына не себеп?
Темекі қалдығы. Сөнбей қалған от т. б.
3 топ. 3) Ормандағы өрттердің жану түрлері
№ 1 тапсырма Постер қорғайды
І топ
Шырпының пайдасы мен зияны
ІІ топ
Майшам, тоқ, көзінің пайдасы мен зияны
ІІІ топ
Газдың пайдасы мен зияны

Суреттер бойынша ойларын айтып шығады.
Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі
Мұғалім: Айтмукашева А. З.


Скачать


zharar.kz