Ағаштардың досы кім

Скачать

Білім саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз.
Мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Қазақстанда мекендейтін құстар туралы балалардың білімін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, толықтыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой - өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Елімізге, оның табиғатына, құстарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлекетіміздің табиғатын, құстарын қорғауға, қадірлеуге баулу.
Көрнекілік: Құстардың суреттер, үлестірмелі материалдар, көрнекілік топтамалар - слайд
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, шаттық шеңбер, әңгімелеу, ойын, тақпақ. Сын тұрғысынан ойлау.

Мотивациялық ұйымдастырушы:
Шаттық шеңбері
шеңбер болып тұрайық.
Әлемде Нұр тыныштық.
Әрбір бейбіт күн ыстық!
Қайырлы таң, балалар!
Жарқырайды қаламыз.
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң апайлар.

Балалар:
Шеңбер бойына тұрған балалар қимыл - қозғалысты жасай отырып амандаса білді
Іздену ұйымдастырушы:
Табиғат - ол анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Бұл өлеңде не туралы айтылған?
Балалар: Табиғат
- Табиғат дегенге нені түсінеміз?
- Жер су, ағаштар, гүлдер, бізді қоршаған орта.
- Иә қараңдаршы балалар, қандай әсем табиғат. Біз мұнда нені көріп тұрмыз?
Балалар: Ағаштарды.
- Ағаштардың түсі қандай?
- Жасыл.
- Қандай ағаштарды білесіңдер?
- Терек, шырша, жидек, алма ағашы. т. б
- Ағаштардың қандай пайдасы бар?
- Ауаны тазартады, көлеңке болады, үй салады.
- Табиғаттағы тіршілік иелері бір - бірімен байланысты, бір - бірімен дос болуы керек.
Ағаштардың досы кім?
- Адамдар, біз.
- Ағаштарды жұлып, сындырмауымыз керек.
Күтіп аялауға тиіспіз.
- Ағаштардың тағы қандай достары бар?
- Құстар ағаштарға дос, олар құртарын теріп жейді.
Құстар біздің досымыз екен.
Құстарды үй құстары, дала құстары деп екіге бөлеміз.
Үй құстары қысы - жазы үйде мекендейді. Олардың қорегін адамдар береді, сол себепті үй құстары деп аталады.
Үй құстарын атаңдар кім біледі?
Дала құстары өз қоректерін өздері тауып жейді, жыл құстары жыл мезгіліне сай келіп, кетіп жүреді. Қандай дала құстарын білесіңдер?
Сауысқан, Қара торғай, Қарлығаш, Бүркіт


Скачать


zharar.kz