4 сынып
Тақырып: Денсаулық құпиялары
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, қамқорлық
Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту: Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір - өзегі денсаулық екенін ұғыну.
Міндеттері:
- Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
- Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сәлемдесу:
Амансың ба, күн,
Амансың ба дос.
Амансың ба, қонақтар,
Баршамызға сәлем!
Тыныштық сәті:
Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсалық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп қуанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру
Дәйексөз
Жаны саудың – тәні сау
Пікірлесу:
• "Денсаулық - өмір негізі" дегенді қалай түсінесіңдер?
• Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?
Әңгімелеу Мәтінмен жұмыс
Тәтті алма
М. Әбдірашева
Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек болып, аузына апара бергенде алма оған:
- Баян, сен алдымен мені жу – деді қолынан сусып түсіп.
- Неге?- деді Баян таңырқап.
- Жумай жесең, ішің ауырады, деді алма сілкініп қалып.
- Міне, көрмейсің бе, үсті - басың шаң - тозаң.
Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи қолыңды жу дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.
- Сендерде осындай жағдай болды ма?
- Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?
Ойын Ойлан тап Денсаулықтың он құпиясын кім біледі? 1 денсаулықтың негізі - ақыл - ой
2 тыныс алу
3 шынығу 4 дұрыс тамақтану. 5 күлкі 6 демалу 7 тұлғаны түзу ұстай білу 8 таза қоршаған орта 9 сенім 10 сүйіспеншілік.
Балалар сау дене, азат ақыл, адал көңіл болса үшеуімен болады бақытты өмір
Қазір біз есімізге түсірейік денсаулыққа пайдалы не еді? Бұл ойындағы он құпияның маңызы туралы әңгімелейді.
- Дені сау адам бақытты. қуанышты, жаны да тәні де сұлу, көңілді адам. Өмірге деген құлшынысы зор екенін жеткізеді.
Лебяжі ауданы, Мерғалым ауылы,
Б. Уахатов атындағы орта мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі:
Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Денсаулық құпиялары. жүктеу