Көлік сапарға дайын

Скачать

Тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі
Математика 2 сынып

[b]Сабақтың тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың көбейту туралы білімдерін тереңдету және сандарды 2 – ге көбейтуге берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойындар, әңгімелеу, саяхат.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, бейнеролик, суреттер, қима - қағаздар

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту ( 4 мин)
ІҮ. Жаңа сабақ (25 мин)
Ү. Сабақты бекіту (6 мин)
ҮІ. Үйге тапсырма (1 мин)
ҮІІ. Бағалау (1 мин)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу – құралдарын алғызу
б) назарын сабаққа аудару
в) психологиялық дайындық
Қане біздер ойлайық.
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

- Бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақта саяхатқа шығамыз. Сабақта алған білімдерімізді ортаға саламыз. Саяхатқа дайындық жүргізу ретінде алдымен үйге берілген тапсырманы тексеріп алайық.
- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 266 бет, № 8
302 кг = 3 ц 2кг
45 дм = 4 м 5 дм
128 кг = 1 ц 28 кг
246 см = 2м 4дм 6см
3 м = 300 см
6м 7дм= 670дм
(әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада ілінген плакатқа тапсырманың дұрыс жауабын жазады)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
- Балалар мен сендерге бейнекөрініс көрсеткім келіп отыр. Мұқият зейін қойып тамашалайық.
Табиғаттың көктемгі тынысы атты бейнекөріністен үзінді көрсету.
- Балалар, көктем мезгілі несімен ерекше?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
( балалардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, көктемнің алғашқы әсем гүлі бәйшешек гүлін тергілерің келе ме?
Бәйшешек гүлін теру ойыны арқылы 2 санының көбейту кестесін еске түсіру
( әр топ кезекпен тақтаға шығып, бәйшешек гүлін тереді және артына жазылған көбейтіндінің мәнін табады)
2 * 1 =2
2 * 2 =4
2 * 3 =6
2 * 4 =8
2 * 5 =10
2 * 6 =12
2 * 7 =14
2 * 8 =16
2 * 9 =18
2* 10 =20
- Міне балалар, енді біз саяхат жасауға дайынбыз. Біз бүгін Көктемгі орманға саяхат жасаймыз.
- Орманда қандай аңдар бар екен, олардың көктемгі тіршілігі қандай екенін байқайық. Орманда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар? (автобуспен)
Ынтымақ автобусы біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын. (суретін тақтадан көрсету)


Скачать


zharar.kz