Әдебиеттік оқу 2 сыныпСабақтың тақырыбы

Скачать

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасы жөнінде түсініктерін кеңейту.
1. Желтоқсан құрбандары жөнінде мағлұмат беру. Оқиғаның шығу тарихына шолу жасау.
2. Мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру.
3. Қ. Рысқұлбеков туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Сөзжұмбақ, суреттер, бейне жазба, мультимедия.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Он алтыншы желтоқсан өлеңін 3 қатардан бөліп жатқа сұрау.
ә) Сұрақ – жауап
1. Өлеңде не туралы айтылған?
2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Топтастыру
Тәуелсіздік

1991 ж Тұңғыш Президент сайланды.
1991 ж. ҚР – сы Егемендік алды.
1995 ж. Конституция қабылданды
1992 ж. Рәміздер қабылданды.
1992 ж. Жаңа Астана бой көтерді.

ІҮ. Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты шешкенде ортадағы жолақтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Сұрақтары: 1. Менің Отаным..........................
2. Рәміздердің бірі
3. ҚР – ның Шығыс өңірінде орналасқан қала
4. Елтаңба, Ту, Гимн – бұлар.................
5. Ел ордамыз.
6. Көгілдір түсті, ортасында күн мен қыран бейнеленген рәміз.

Ү. Жаңа сабақ.
Қайратым – қайсарым.
Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазу.
(Қ. Рысқұлбеков туралы мағлұмат беру)
Қайрат Рысқұлбеков Мойынқұм өңірінде Бірлік аулында дүниеге келген. Ол Щу қаласына таяу жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селосындағы мектеп – интернатта оқиды. Бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болған. Әкесі Ноғайбай, орталау білімі бар, мал маманы, бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болған. 1986 жылы Алматы қаласындағы Сәулет – құрылыс институтына оқуға түседі.
Желтоқсан оқиғасы туралы бейне жазба көрсетіледі.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
ә) Тізбектеп оқу.
б) Сұрақ – жауап
в) Сөздік жұмыс.
Еркек тоқты – құрбандық сөйлемінің мағынасын түсіндіру.

ҮІІ. Мағынаны тану.
Бүгінгі аптаның күнін сұрау. Халық арасында киелі сандар аталып жүрген сандарға тоқталу.
Қайрат Рысқұлбековтің өткен өміріндегі 21 саны кездейсоқтық па, әлде тағдырдың жазуы ма?
(Слайдтан көрсету)
- Қазақ елінің кезекті 21 – ші басшысының улы жебесіне ілікті.
- 21 жасқа қарағанда қолына кісен салынды.
- 21 күн сот алдында жауап берді.
- 21 – ші камерада отырды.
- 21 – ші мамырда қара ниет қарақшының құрбаны болды.
- 21 – ші ақпанда (5 жылдан соң) ақталды.


Скачать


zharar.kz