Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік. 3 - сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды болымды және болымсыз етістіктермен таныстыру;
2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Хош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!

ІІ Психологиялық дайындық.
Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады
Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1. Елімізге тыныштық тілеймін.
2. Күніміз жарық болсын!
3. Деніміз сау болсын!
4. Елбасымыз аман болсын!
5. Нанымыз көп болсын!
6. Аспанымыз ашық болсын!
7. Көк туымыз биік болсын!
8. Аналарымыз аман болсын!
9. Еліміздің тірегі – әкелеріміз аман болсын!
10. Балалар бақытты болсын!
Жақсы, құрметті оқушылар. Осындай жақсы көңіл күйде сабағымызды жалғастырайық.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
44 беттегі 3 жаттығу. 1 - топ: Берілген сөздерге – ла, - ле, - да, - де, - та, - те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса.
2топ: Түбір сөздердің қай сөз табы екенін анықта.
3 - топ: Өзің қалаған екі - үш туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.
Бағалау: Әр кезеңді орындау барысында оқушыларға түрлі - түсті дөңгелекшелерді өздері таңдап өздерін өздері бағалап отырады. Көк түсті дөңгелекше - 5, жасыл - 4, сары - 3 - ті білдіреді.
ҮІ Сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарды пысықтау. Қызығушылығын арттыру Ой қозғау
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табын (ЕТІСТІК) дейміз.
- Етістіктің сұрақтары (НЕ ІСТЕДІ? НЕ ҚЫЛДЫ? ҚАЙТТІ?)
- Туынды етістік (ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАНУ) арқылы жасалады.
- Түбір сөзден жасалған етістікті (НЕГІЗГІ ЕТІСТІК) дейміз.
- Негізгі етістік, туынды етістік болып (ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ)
- Дара етістік, күрделі етістік болып (ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ)
Ү Жаңа сабақ
- Қытайдың бір нақыл сөзінде: Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін делінген.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
БАС, ҚОЛ, Ы, МАҚТА, ЫДЫС ЖӘНЕ БОР, БАЛЫҚ, МАТА, МЫСЫҚ, ҚАЗ, ЕТІК, СҮТ, ТІС, КҮН.
ҮІ Дәптермен жұмыс: - Балалар, күннің жадын, тақырыпты жазыңдар! Тақырыпты жазып болған соң:
- Енді ештеңе жазбаңдар, бері қараңдар, - деп, айтайын деп тұрған ойыма оқушылардың ойын аударам.
- Балалар, тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар ,- деп едім,- сендер не істедіңдер?
- Жаздық. Қаламды алып алып, қолдарын қимылдатады.
- Ал, жазбаңдар дегенде не істедіңдер?
- Жазбадық. – Иә, қолдарың қимылдамады.
Осы сөздер тақтаға жазылады.
Жазыңдар жазбаңдар
Бірінші сөзде қимылдың бары, екіншісінде қимылдың жоқтығы анықталады.
- Осы екі ұғымды білдіретін сөздердің құрамында айырмашылық бар ма?
- Бар. – ба қосымшасы.
Демек – ба жұрнағы іс - қимылдың болымсыз формасын білдіреді

ҮІІ Кестемен жұмыс: Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады.
- Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
- Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Мысал: айт - айтпа, жаз - жазба, кет - кетпе, сөйле - сөйлеме, т. б.

ҮІІІ Оқулықтағы жаттығуларды орындату.
1 - жаттығу. І - топ орындайды.
*Берілген етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарын жалғап жазады.
*Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады.
*Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
- Жаз - ба, сана - ма, кел - ме, тұр - ма, шақыр - ма, ки - ме, қайт - па, төк - пе, қаз - ба, без - бе.
- Болымды етістіктер болымсыз етістікке айналды, іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдірді.
- Аслан, дәптерәңе артык ештеңе жазба? Адамдарды саусағыңды шошайтып санама.
Сергіту сәті: Кім сауатты? , Кім шапшаң? , Кім көркем жазады?
Жаңылтпаштар айтқызу.
2 - жаттығу. ІІ - топ орындайды.
*Сөйлемдерді оқып, ішінен тыйым сөздерді көшіріп жазады.
*Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталып кеткен жөн.
*Етістіктерді сөз құрамына талдайды.
*Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы кқрсетеді.
- Аққуды атуға болмайды.
- Құмырсқаның илеуін, қарлағаштың ұясын бұзба.
- Малды аяғыңмен теппе. - Нанды бір қолмен үзіп жеме.
- Сүт тағамдарын жерге төкпе.
- Ат - у - ға бол - ма - й - ды, бұз - ба, теп - пе, үз - іп же - ме, төк - пе.
Сергіту сәті: Кім сауатты? , Кім шапшаң? , Кім көркем жазады?
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді
Топылдатып аяқты
Шапалақтап қолымды
Басымды мен шұлғимын
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын
Бір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.
3 - жаттығу. ІІІ - топ орындайды.
*Өлеңді мәнерлеп оқиды. Болымды етістіктерді тауып жазады.
* Болымсыз етістіктерді тауып бөлек жазады.
* Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады.
- оқып, жиып ал, тепкілесең,
- жет+пе+й+ді, кет+пе+й+ді, күй+ме+й+ді, ти+ме+й+ді, сүй+ме+й+ді.
- жұрнақтар арқылы жасалып тұр.
Сергіту сәті: Кім сауатты? , Кім шапшаң? , Кім көркем жазады?
Мақал - мәтелдер айтқызу.
4 - жаттығу.
*Берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жаз.
*Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастырып жаз. Мәтінге ат қой.
- Қозғалақта - ма, жалтақта - ма, жүгір - ме, көшір - ме, сығала - ма, мазала - ма, сыбырла - ма.
Оқушылардың құрастырған мәтіндерінен мысал:
Әженің ақылы.
- Асқарды әжесі күнде мектепке шығарып салады. Әжесінің күнде Асқарға үйден шығар алдында айтатын ақылы: - Асқаржан, партада отырғанда қозғалақтама, жан – жағыңа жалтақтама, дәлізде жүгірме, өз біліміңе сен, көршіңнен көшірме, мазалама, өзгенің дәптеріне үңіліп сығалама, сабақ үстінде тыныш отыр сыбырлама,- дейтін.

Ұйымшыл сынып.
- Біздің сынып өте ұйымшыл. Дөрекі қылықтарға еш әуестігіміз жоқ еді. 2 - ші сыныпта бізге жаңадан Еркін деген оқушы келді. Өзі сондай ұшқалақ, сабаққа нашар. Мұғалиманың күндегі айтатыны, қозғалақтама, жалтақтама, дәлізде жүгірме, көршіңнен көшірме, үзілісте өзге сыныптың есігінен сығалама, сабақ үстінде сыныпты мазалама, сыбырламай тыныш отыр - дейтін. Біз сынып болып, жиналыс жасап, Еркінді дұрыс жолға салуды жөн көрдік.

Тәжірибелі бапкер
Бекежанның әкесі өте шебер - бапкер.. Бір күні жылқы шаруашылығына бардым. Ондағы мақсатым, атқа мініп үйрену еді. Атқа отырмас бұрын Бекежан аға бірнеше ережелерді есіме салды. Ат үстінде қозғалақтама, жан - жағыңа жалтақтама, қорқып сығалама, жатып қорыққаныңды білдіріп сыбырлама, мазаланба, бөгде біреудің әдісін салып көшірме, алғашынды жай жүр, жүгірме,- деді. Атпен шабуды, мен осылай үйренгем.

ІХ Сабақты қорыту. Ой толғаныс сәйкестендіру тест.
1. Туынды етістікті табыңыз.
А) Аз. В) Жүр С) Көмектес Д) Бар
2. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай Д) Үстеу
3. Болымды етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.
Д) Заттың саның білдіреді.
4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.
Ол жұмысын адал басқармады.
А) Ол В) Жұмысын С) Адал Д) Басқармады
5. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Алып берді В) Кел С) Айтты Д) Жайды
6. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Біз тыңдап отырмыз. В) Олар келе жатыр С) Ол оқып отыр. Д) Мен мектептен келдім.
7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
А) Арман сабақ оқып отыр. В) Балалар мектепте отыр. С) Сен кешке кел. Д) Ол келмеді.
8. Болымсыз етістік нені білдіретін белгілеңіз.
А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді.
Д) Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Е) Заттың көлемін білдіреді.

Х Сабақты бекіту (Әр топ бір - біріне өткен сабақтардан зымыран сұрақтарын қояды)
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
2. Етістік дегеніміз не? Заттың іс - әрекетін білдіретін сөздер.
3. Етістіктің сұрақтары қандай? Не істеді? Не қылды? Қайтті?
4. Болымды етістік дегеніміз не? Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
6. Болымсыз етістік тағы қандай сөздер арқылы жасалады? емес, жоқ

ХІ Үйге тапсырма: 4беттегі 5 - жаттығу. (Жұмбақтарды көшіріп жаз. Етістіктерді тауып, олардың түрін ажырат)


Скачать


zharar.kz