Сабақтың түрі. Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру

Скачать

Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті 8 сынып (орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік (слайдымен)
Сілтеме: Қазақ тілі Орыс тілінде білім беретен мектептің 8 - сыныбына арналған оқулық

Мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Білімділік: Тұйық етістік туралы кең көлемде мағлұмат беріп, кейбір ерекшеліктерін түсіндіру;
Тәрбиелік: Әр түрлі халықтардың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойына құрмет, туған жерге деген құрмет, ізеттілік қасиеттерін дарыту;
Сауатты, көркем жазуға баулу, тілге деген құрметін арттыру;
Дамытушылық: Әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың тілдік білімін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Білімдерін, сөз байлығын жан - жақтылы кеңейту арқылы, сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Күтілетін нәтиже:
а) Етістіктердің түрлерін ажырата білу;
ә) Тұйық етістік – у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну;
б) Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, ұлттық құндылықты сақтауға, қадірлеуді, ұлттардың достығы мен тұтастығын құрметтеу сезімі артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, өзін - өзі тану.
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, Жоба қорғау технологиясы , ойтолғаныс, семантикалық карта, БЛУМ таксономиясы, кубизм , АКТ, Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау,
Керекті жабдықтар:
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, ватман, стикер, маркер, асық, кеспе қағаздары, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
Кіріспе ( Адай күйі орындалып тұрады)
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлы елдің ұлы мерекелері:
Қазақ хандығының 550 жылдығы;
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы;
Ата Заңымыздың 20 жылдығы;
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы.

Топқа бөлу: Қазақстанда 140 ұлттың, 30 конфессияның өкілдері тұрады. Әр ұлттың өзіне тән тілі, салт - дәстүрлері, ұлттық ойындары, киімдері бар. Бүгінгі сабақ барысында бірнеше ұлттың ұлттық ойындарынан мағлұмат аламыз. Қазақ халқы – көшпелі мал баққан ел. Сол себептен болар, Малды кие тұтады. Тұрмыста, ойындарда малдың сүйегін пайдаланады. Мыс, шүмек жасайды, ұршыққа басжасайды.
Асық ойындары – Ханталапай , Хан атпақ , Хан жақсы ма? , Ханды қара басты , Хан мен уәзір , Үйірмекіл , Сасыр , Атпақыл , Қақпақыл , Үштабан , Омпы , Алтыатар , Шықетер , Тисінқабат , Табан , Төрт асық , Бес асық т. б.
Сыныптың оқушыларын қазақтың ұлттық ойыны Ханталапай ойынын ойнау арқылы үш топқа бөлінеді Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Негізгі бөлім
Мен бүгін сабаққа кешікпей келдім (Сабаққа кешікпей келу керек).
Маржан жақсы билейді (Аружан билеуді жақсы көреді )
Ы. Алтынсарин балаларға арнап мектептер ашты. (Ы. Алтынсарин балаларды оқуға шақырды).
Бұл сөйлемдердің айырмашылығы неде? Белгіленген сөздер нені білдіреді деп ойлайсыңдар? Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жұмыс жүргізеді
- Олай болса, бүгін біз етістіктің ерекше түрі тұйық етістік туралы білеміз

Түсіну
Туынды етістік - неопределенная форма глагола
Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі
Неопределенная форма глагола – начальная форма. (или инфинитивом). Она не показывает ни времени, ни числа, ни лица, ни рода.
Глаголы в неопределенной форме (в инфинитиве) отвечают на вопросы что делать? или что сделать?
Глаголы в неопределенной форме имеют окончания - ть, - ти или нулевое
Берілген тапсырманы орындай отырып, тұйық етістіктердің түрленуіне көз жеткіземіз.


Скачать


zharar.kz