Мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда ауыл ардагерлерінің ерліктерін тыңдату, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер, буклет, плакат, Жеңіс , Отан туралы жазылған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, музыкалық орталық, т. б.
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. Жеңіс күні Баяндама
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Ардагерлермен сұхбат
5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)
6. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)
7. Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің... (кітап көрмесі)
8. Бейне суреттер День Победы
9. Қорытынды
Барысы:
Жүргізуші: Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 - мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 68 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 68 жылдығы. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Жеңіс күіне арналған Біз Жеңістің ұрпақтарымыз атты бүгінгі тәрбие сағатымыз ардагер аталарымызбен кездесу болмақ.
Бүгінгі біздің сабағымызға ауылымыздың ардагерлері, тылда еңбек еткен қариялар
Саттарберген атай
Әшім атай
Өмірзақ атай
Мұғалтай атай
Ауылымыздағы осы ардагер қария аталарымыздың еңбек, ерлігі туралы бүгінгі сағатта сөз қозғаймыз.
Жүргізуші: Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға Р. Сейтоваға сөз берейік.
Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1 – оқушы: Ардагерлер М. Әміреев
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер, азайып барасыңдар.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақта ер,
Ерлігіңді аңыз қып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінге ұрпақ
Жүздеріңе сендердің қарап білер.