Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік сатып аламыз.
Мақсаты: Азық - түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту. Азық - түлік тағамдарын сатып алудағы өздерінің іс - әрекеттерін баяндауға үйрету.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық тренинг Маша и медведь
- Міне, осындай көтеріңкі көңіл - күймен сабағымызды бастайық
Ой шақыру
Суретпен жұмыс
- Суреттен нені байқадыңдар?
- Отбасыларыңда азық - түлікті кім сатып алады?
- Азық - түлікті сатып алуды алдын ала жоспарлайсыңдар ма?
- Қандай дүкендерге баруды жөн көресіңдер?
- Неліктен?
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта біз не туралы сөз етеміз?
- Алдарымызға қандай мақсат қоямыз?
Мағынаны тану
1. Сөздік жұмысы
Арзан - дешевый
Көтерме - оптовый
Үнемдейді - экономят
Қажетсіз шығын - ненужные траты
Сақтандырады - предохраняет
Тек қажетті заттарды - только нужные предметы
Мүмкіндік тудырады - представляют возможность
Қымбатырақ - дороже
Біртабан жақындау - приближает на один шаг
2. Мәтінмен жұмыс
Жұптық жұмыс
Екі жақты күнделікті толтыру
Формативтік бағалау
3. Жазба жұмысы
Мәтіннен күрделі зат есімдерді теріп жазып, жасалу жолын анықтаңдар:
Формативтік бағалау.
4. 7 - тапсырма
Қарлы кесек әдісімен орындалады.
- Әр оқушы жеке тізім жасайды.
- Жеке орындаған соң, жанындағы оқушымен жұптасып, тізімдерін біріктіреді.
- Келесі сатыда жұптар 4 оқушыдан бірігіп, бәріне ортақ, жиі сатып алынатын азық - түліктердің атауы ғана іріктеліп алынады.
- Әр топ өз жұмыстарының нәтижесін тақтаға іліп, ауызша баяндайды.
- басқа топтар сәйкес келетін тағам түрлерін сызып тастайды
- Осылайша қатысушылар әр топтар тұсаукесер жасаған сайын қайталап отырады. Соңында бір - біріне сұрақ қояды
- Неге бұл тағам түрін үнемі сатып аласыңдар?
- Оның адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
Ой толғаныс.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал ,- демекші, тақтада берілген бірнеше мақалдың ішінен сабақ мазмұнына сай келетін мақалды тауып, ойларыңды дәлелдеңдер.
Рефлексия
Комплимент.
Бір - бірлерінің сабаққа қосқан үлесі туралы айтып, алғыстарын білдіреді.
Үй жұмысы:
8 - тапсырма
4 - тапсырма
3 - тапсырма
Азық-түлік сатып аламыз жүктеу