Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Қазақ әдебиеті сабағы ынтымақтастық педагогикасы бойынша құрылған.
Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту. Екеуінің бірлік одақта қызмет етуі; бір – біріне басымдық көрсетпеуі.
Тұжырымдылық ерекшелігі: Мұғалім оқушы, оқушы – мұғалім, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Қоршаған ортаны педагогикаландыру.
Ынтымақтастық педагогиканың төмендегідей түрлері алынды:
1. Бірге оқимыз
2. Топтағы оқушылардың зерттеу жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кейіпкер іс - әрекеті арқылы мінездеме жасатуға, оқиғалар арқылы шығарманың негізгі проблемаларын таба білуге, автордың көзқарасына, кейіпкерлер іс - әрекетімен туынды көркемдігіне бойлай білуін меңгерту.
- Оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығы, ой – сезімін дамыту.
- Оқушыларды көркем әдебиетке, өнерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Оқушылардың ұлы жазушы, ғұлама ғалымның әңгімесін оқу талдау нәтижесінде біліктілігін арттыру, оқушылардың іздемпаздығын, шығармашылығын дамыту, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ізгілікке, табиғатты қамқорлауға, көркем әдебиетке деген ықыласын тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Портрет, көркем әдебиет көрмесі, суреттер, қанатты сөздер, тақырыптық слайд - суреттер.
Эпиграф
Табиғат – екінші үйің балыққа су, құсқа ауа, жануарға орман, далаға тау керек. (М. М. Пришвин)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Дайындықты тексеру, оқушыларды топтастырып отырғызу
І. 1Тарихшылар
2. Әдебиетшілер
3 Рөлдік ойын (Көксерек пен серіктері – ауыл адамдары)
4. Биологтар
5. Сарапшылар
І. Тарихшылар:
Көксерек әңгімесі қалай келді (тарихы)
Мұхтар Әуезовтің Көксерек әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының 1 себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады:
Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбеде Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.
ІІ. Әдебиетшілер:
Бөрі арықтағанын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар
Бөрі баласы асырағанмен ит болмас
Бөрі баласы бөркіңе салсаң да ит болмас
Бөрі көмеді, түлкі ашады
Бөрі қартайса тышқаншыл
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан
Бөрінің қартайса да, бір қойлық әні бар
Қасқыр байлағанға көнбес, шошқа байлағанға көнбес
Қасқыр жүйрік жеміс жоқ, түлкі жүйрік дыбыс жоқ
Қасқыр қасқырды жемес.
Қасқыр қасқырдың құйрығын баспас.
Қасқыр ауру қойды да жеп қояр.
Қасқыр қой терісін жамылса да танылар.
Қасқыр жүнін алмастырса да, дәстүрін алмастырмас.
Жылқыға қасқыр жолдас болмас.
Қасқыр малшы болмас, ал теке бағбан болмас.
Қасқыр қойды бағады, ал қасқырды аңшы бағар.
Қасқыр қасқырша ұлиды.
Қасқыр иттен қорықпас, тек үргенін жақтырмас.
Волка как ни корми, лису хвост бережет
Волка кормят зубы, а зайца спасает ноги
Волка на собак в помощь не зови
Волка рыщут – добычи ищут
Волка сыты и овцы целы
Волки чуют, где овцы ночуют
Волка бояться – в лес не ходить
Волком родился – овцой не бывать
Волку в зубы попало: считай – пропало
Волчья шкура и в городе воет.
ІІІ. Көрініс: Ауыл адамдарының Көксерек туралы пікірі.
IV. Биологтар:
Айша: Қасқыр ит тұқымдасына жататын жыртқыш дене тұрқы 105 – 160 см. Салмағы 35 – 50 кг. Сирек болса 80 кг. Жазда қоңыр, қыста жүні қалың ақшыл сұр түсті болып келеді. Олар 15 – 16 жыл өмір сүреді.
Жаннұр: Сұр қасқырлар көптеген, ал сары қасқырлар қызыл кітапқа енгізілген. Қасқырдың ұлығанын 16 км естуге болады. Жазғы тұрым қаншығы 62 – 65 күн көтеріп, 5 – 7 кейде 13 күшік табады. Күшіктер көзін 12 – 13 күннен кейін ашады. Қасқырдың табиғатқа келтіретін пайдасы зор.
Назгүл: Қоңыр қасқырлар тауларда, Португалияда және Испания жерінде өмір сүреді. Бұл иттердің ең үлкен түрі. Олардың көлемі жағынан немістердің овчаркаларына ұқсайды. Олардың күшті денесі және мықты аяқтары жүгіруге арналған. Қасқырлар оңай 24 км жүгіре алады және тез жүгіргенде жылдамдығы 45 км сағ.
Ерболат: Иттер құсап қасқырлар өздерінің бауырларын қарсы алғанда құйрықтарын бұлғалаңдап, бірін үстерін бірі жалайды. Олар бір – бірімен қарым – қатынас жасағанда үріп немесе ұлып жасайды. Қасқырлардың үлкені арлан қасқырлар тәртібін сақтайды. Оны құйрығынан немесе құлағынан тануға болады. Өйткені ол оны өзінің бойынан жасырып ұстайды.
V. Сарапшылар:
Майра: Құрметті оқушылар!
Біз көріністі көргеннен кейін: әр топ өз проблемаларын ұсынды.
Биологтардан білгеніміз: қасқырды қолға үйретуге келмейтіндігі. Бұл деректі ата - бабамыздың мақалдарынан да байқадық. Біз қасқырды қатал, суық, қатыгез, қанішер деп атаймыз, ал қасқырдың табиғатқа келтіретін пайдасы да барын білдік. Табиғаттың тазалығына қосатын үлесі зор екен.
Көркем әдебиетте, басқа өнер туындыларында да қасқырдың бейнесі қатыгез, қанішер ретінде суреттеледі. Әдебиетшілер, биологтар, тарихшылар өздерінің ұсынған проблемаларын талқылап, шешімін тапты деп ойлаймыз. Табиғаттағы жан – жануарлардың көбісі азайып бара жатыр. Солардың бірі қасқыр.
Бұл Көксерек шығармасында М. Әуезов адамдарды: табиғатты қорғауға, мейірімділікке шақырады.
Бексұлтан:
Енді қорытындылап өтейік. Біз сараптаушы топ мынадай қорытындыға келдік.
1. Табиғат – екінші үйіміз. Сондықтан да табиғатты аялай білейік, зиян келтірмейік!
2. Қасқыр – дала санитары.
3. Көркем әдебиет басқа да өнер салаларында қасқыр қатыгез, суық, қанішер кейіпінде бола бермек.
4. Қасқырдан сақтанғанша, қасқыр кейпіндегі адамнан сақтанайық!
VI. Бағалау
VII. Қорытынды