Мұқағали Мақатаев
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін жылынуды
Әйтеуір қазбас былық - шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз онын, бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір - ақ нәрсе -
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2