Cабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бұлттар суретті, тапсырмалар жазылған кесте қағаздар
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: ойын элементтерін қолдану арқылы.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Күн шуағы ойыны.( Ереже сұрау)
4. Кім жылдам ойыны ауызша.
5. Кітаппен жұмыс
6. Тарихи материалдарға шолу.
7. Сәйкестендіру тест (жеке жұмыс)
7. Ертегі
8. Қорытындылау.
9. Оқушылар білімін бағалау
10. Үйге тапсырма беру.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, көңіл - күйлерін анықтау. 2 - топқа бөлу (жетон арқылы)
Біз бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз,
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз,
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға берген тапсырмаларды ауызша тексеру.
№473, №475
Күн шуағы ойыны.( Ереже сұрау) Оқушылар тақтада ілулі тұрған бұлтардағы тапсырмаларға жауап береді. (Сұрақ барлық оқушыларға жетеді) Әрбір дұрыс жауапқа бір жетоннан беріледі.
Үлес дегеніміз не? Жай бөлшек дегеніміз не? Жай бөлшектің негізгі қасиеті... Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не? Жай бөлшектің алымы нені білдіреді? Бөлімі не білдіреді? Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма? Дұрыс бөлшек дегеніміз не? Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Кім жылдам ойыны ауызша.
1 - тапсырма (интерактивті тақтада бірнеше жай бөлшектер көрсетіледі)
1 топ., … бөлшектерінің қайсысы дұрыс
2 топ.,... бөлшектердің қайсысы бұрыс
2 - тапсырма.
Бірнеше мемлекеттің тулары көрсетілген. Олар бірдей бөліктерге бөлінген. Сұрақтарға жауап бер.