Дара және күрделі етістік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дара, күрделі етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістік туралы толық теориялық білім беру. Сөйлем ішінен етістікті тауып, Оның күрделі, дара екенін ажыратып, сабаққа ынта-ықыластарын арттыруға көңіл бөлу.
Дамытушылығы: Ақыл - ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту.
Сауаттылыққа сөздік қорын, Сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.
Көрнекілігі: Ақпараттық құралдар, суреттер, слайдтар
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
2. Өткенді қайталау
Ой қозғау
- Біз қандай тарауды бастадық?
- Сөз таптары.
- Қазақ тілінде неше сөз таптары бар?
- 9.
Сөз таптары: Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз.
- Соның ішінде нені өттік?
- Зат есім, етістік.
- Зат есім деген не?
- Оның түрлері?
- Етістік деген не?
- Оның түрлері?
- Ендеше бүгінгі сабағымыз дара және күрделі етістікке жаттығу жұмысын жүргізу.

Жаңа сабақ.
Дара және күрделі етістік.
1 - жаттығу
1) Берілген сөздерден дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазу.
Дара етістік: ойнады, көгерді, еркеледі, достасты
Күрделі етістік: кіріп кетті, жинап алды, ойлап отыр 2) Қалаған 2 - 3 сөзге сөйлем құрап айту, жазу.
2 - жаттығу.
1) Сөзжұмбақ шешу.
2) Берілген сөйлемдегі етістіктерді ретімен жазып сөз жұмбақты шешу. Дұрыс жазылса ортасынан жыл мезгілінің аты шығады.
Сөзжұмбақтың шешуі: көлді, көрінді, көшті, төледі, үйретеді, көмектеседі

Топтық жұмыс
Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
1топ Көктем айларын атау?
2топ Көктем туралы әңгіме айту.
3топ Көктем туралы өлең, тақпақтар айту.

Сергіту сәті.
Не қалай дыбыстайды?
Мысық - мияулайды.
Әтеш - айқайлайды.
Машина - жүреді.

Тақтамен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жазу.
Керекті сөздер: ұнатады, сағынып жүр, айтамыз, көрді, шуылдайды, келіп тұрады.
Өз біліміңді тексер.
Тест жұмыстары арқылы қаншалықты меңгергендерін анықтау.

Тест
1. Зат есімді тап:
а) бала
ә) шегеле
б) сулама

2. Зат есімнің көпше түрін тап:
а) аққулар
ә) аққумен
б) аққуым

3. Жалқы есімді тап:
а) өзен
ә) Атырау
б) қала

4. Жалпы есімді тап:
а) Атырау
ә) қала
б) Құтжол

5. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:
а) жағалады
ә) жағады
б) жасыл
6. Күрделі етістікті тап:
а) қызыл гүл
ә) әдемі гүл
б) гүлдеп тұр
Тесттің жауабы; 1 а, 2 а, 3 ә, 4 ә, 5 а, 6 б.
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жазу.
Сәйкестендіру
---------------- секіреді
Лақ ---------- ойнақтайды
---------------- маңырады

---------------- келді
Сәуле ------- айтты
--------------- тұрып қалды

---------------- оқып отыр
Оқушы ------ жазды
---------------- жинады
Сабақ қорытындылау:
Бағалау:
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz