Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арнау күй
Сабақтың мақсаты: оқушыларға күй жанры туралы түсінік беру, арнау күйлерді ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
1. Халық композиторларының арнау күйлері туралы оқып таныстыру;
2. Күй мазмұнындағы музыкалық бейнені көз алдына елестете білуге, мазмұнын тыңдай отырып түсінуге үйрету;
3. Оқушылардың ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Композитордың суреті, домбыра, текшелер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг:
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығын мазмұндау.
(Ол үшін балаларға скрипка кілті берілген оқушылар Қазанғаптың өмірі туралы айтады. Ал, ноталар берілген оқушылар шығармашылы туралы айтады)
Дауысқа жаттығу:
Ана тілегі сөзіне бір тон көтеріп әуенмен орындату, бір тон түсіру арқылы әуенді қайталату. Жаттығуды 4 - 5 рет қайталату.
Домбыра сазы әнін хормен қайталатып және жеке орындауда орындату.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Бүгінгі сабақта біздер күйші Қазанғап Тілепбергенұлы туралы айтамыз.
Қазанғап - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып - өскен. Қазанғап - қазақтың халық күйшісі. Жасынан ән - күйге құмар болып өскен. Ол 1854 жылы дүниеге келіп, 1921 жылы дүниеден өткен. Күйшінің тұңғыш шығарған күйі - Торы ат күйі деседі. Қазанғап Ақтөбе, Қостанай, Орынбор, Тройцк, Ақтөбе облысына қарасты Шалқар, Темір мен Ойылды аралап, көптеген өнерпаздармен кездеседі. Бұл күйшінің орындаушылық қабілеті зор ықпал жасады. Күйшінің күйлерін зерттеп, күйшінің күйлерін шебер орындайтын Ақтөбелік күйші Жайлау Асылханов деген ағамыз бар. Күйлерін атап өтсем: Қиту - қиту, қайт - қайт , Бұраң бел Ақжелең , Домалатпай , Көкіл , Жұртта қалған , Майда қоңыр , Учитель , Шыныаяқ , Ысырма т. б күйрелі бар.
Музыка тыңдау:
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келініне алдырып, тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге Үсен домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп:
- Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы жеткен неткен жансың? Ал, көрсет өнеріңді, әйтпесе айыбыңды төлейсің,- дейді.
- Қазанғап өзін таныстыру үшін Көкейге түскен Көкілжан атты жаңа бір күйін шертеді. Күй әуенінде кедей қауымның қиын тіршілігі, жанға батқан мұқтаждық жайында күңірене жөнеледі. Сай - сүйекті сырқыратқан күй сазы Үсен төрені қатты толқытады. Міне күйші Үсен төремен осылай танысады.
Бүгін Көкіл күйін үнтаспадан тыңдаймыз.
(күйді үнтаспадан тыңдату)
Келесі тыңдайтын күйіміз Құрманғазының Аман бол, шешем, аман бол күйі.
Құрманғазы туралы қысқаша түсінік беріп өтсеңіздер.
(оқушылар күйші туралы айтып береді)
Шығу тарихын тыңдаймыз.
Тағы да қудалаудан құтылмаған Құрманғазы алыс сапарға жол шегуге бел байлайды. Ардақты анасымен қоштасып, өзінің анаға деген ыстық сезімін домбыраның ішегіне түсіреді. Бұл кейін халық арасында Аман бол шешем, аман бол деген атпен тарайды. Басқа күйлерден айырмасы ол домбыраны шын мәнісінде сөйлетеді
Аман бол, шешем, аман бол күйін үнтаспадан тыңдату.
- Күйлерді тыңдаған сәтте көз алдарыңа нені елесте алдыңдар?
- Күйлердің қайсысы төкпе күйге жақындау?
- Күй тілімен сөйлеп көр. Күйге қосылып буындар орында.
- Мысалы: А - ман - бол - ше - шем - а - ман - бол , Кө - кей - ді - тес - кен - кө - кіл - күй
Музыка сауаты:
Ақында туған жерге. Отанға, анаға арнап өлеңдер жазса, үйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйді арнау күй деп атайды.
(дәптерге жаздыру)
Сергіту сәті:
Тыныстайық тереңнен!
Сабақ айттық, ән салдық,
Жарадыңдар барлығың
Шаршадыңдар дегенмен,
Тыныстаңдар тереңнен.
Қане, Ү - п! - деп айтайық,
Демді ішке тартайық.
Енді У - һ!.. - деп айтайық
Демді шығар қайтарып.
Ән үйрену.
- Бүгін жаңа ән үйренеміз.
Ана тілегі Б. Исаева. Әнді орындап таныстыру. Әнді орындап беріп тыңдатамын.
Әнді фраза бойынша үйретемін.
- Ән кімге арналып тұр?
- Арнау ән деп айтсақ бола ма?
- Анаға арналған қандай әндер білесіңдер?
- Композитор Ш. Қалдаяқовтың Ана туралы жыр әнін орындап, тыңдатамын. Бұл әннің де арнау әнге жататынын түсіндіремін.
Домбыра ойнау:
Перне басып үйрену. Орындыққа дұрыс отырғызып болған соң, домбыраны дұрыс қолдарына ұстауға шақырамын. Қағыстарды еске түсіру. Сол саусақтарымен перне басып үйретемін.
Бірінші жаттығу: А - ла, а - ла . Төмен, жоғары қағыста ойнату.
Сабақты қорытындылау:
1. Арнау күй дегеніміз не?
2. Қандай арнау күйлерді білесіңдер?
3. Қазанғаптың Көкіл күйі кімге арналған.
4. Үйренген жаңа әнді ата?
5. Ән кімге арналған?
6. Біз бүгінгі сабақта не ой түйдік? Сұраққа жауап алу үшін берілген тор көздегі әріптерді тез, әрі дұрыс оқысаңдар ғана жауап ала аласыңдар?
Ойлан тап
р н а у а
2 3 1 5 4
н ә -------- ү к й --------- у а т р ы л ------і к б д і л
2 1 ---------2 1 3 --------2 4 1 3 6 5 -------2 6 1 4 5 3
Үйге тапсырма:
Ана тілегі әнін жатқа, нақышына келтіре орындау.
Құрманғазының, Қазанғаптың күйлерін дәптерге жазып келу.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.