Денсаулық пирамидасы

Скачать

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық зор байлық.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың, денсаулықтың мықты, жанның таза болуы, адамның айналасындағыларға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстану.
Көрнекілігі: Оқушы дәптері, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып бір – бірінің бойынан қандай жақсы қасиет бар екенін айтады.
Ойланайық пікірлесейік достар. Біздің сабағымызға басқа қаладан немесе шетелден келген адамдар бізге сұрақтарын қоямыз дейді, олай болса сұрақтарын шешеміз бе?

1) Бірінші байлық денсаулық деп неліктен айтқан?
2) Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар?
3) Тәні саудың жаны сау дегенді қалай түсіндіресің?
4) Ал жан саулығының тән саулығының әсері бар ма?
5) Сендер бос уақыттарыңды спортпен айналысуға бөлесіңдер ме?

Денсаулықтың он құпиясы
Бірінші құпия денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
1) Біздің тыныс алуымызда болып табылады.
2) Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
3) Дұрыс тамақтану күші.
4) Күлкі, күлкі бұл мәңгілік емші.
5) Демалу күші.
6) Тұлғаны түзеу ұстай білу күші
7) Сенім күші.
8) Сүйіспеншілік күші.

Қандай жеміс – жидектер қандай дәрумендер бар?

Нақыл сөздер.
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
Ердің саулығы – елдің байлығы
Денсаулықтың қадірін жастан білу азаматтық борыш.
Сырын мен білетін бірден бір сұлулық – денсаулық
Дені сау адам дегеніміз табиғатың аса құнды туындысы.
Денсаулық пирамидасы.

Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақты Денің сау болсын десең , тақырыбымен танысып денсаулық баланың ең құнды игілігінің бірі.
Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.

Жүректен жүрекке
Балалар сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Балалар біз бүгінгі сабағымызда денсаулық зор байлық тақырыбымен таныстық. Шеңбер бойына балаларды тұрғызып, Сүйіспеншілік жүрегі ойыны ұйымдастырылады. Әр бала жанындағы балаға мейрімді сөздер айтып жүректі ұсынады.


Скачать


zharar.kz