Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: кездесу кеші
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивті тақта.
Сабақ бағдарламасы:
1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
2. Майданда туған жыр (өлеңдер)
3. Ардагермен сұхбат
4. Оқушылар толғауы.
5. Қорытынды
1 - Жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
2 - Жүргізуші:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты Қажетсіз соғыстың қасіреті тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Әнұран.
1 - Жүргізуші: 1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде Ауған соғысы қажет пе еді?- деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Сазтерек ауылдық округі Жастар орталығының ұйымдастырушысы Қалқашев Мейрамбектің соғыстың тарихы жайлы баяндамасын тыңдаңыздар.
2 - Жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
1 - Жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көгендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
2 - Жүргізуші:
Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.
1 - оқушы. Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдап жау тиіп,
Бейбіт күнде басталған.
Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болсам көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
2 - оқушы. Алысып қас дұшпанмен қасарысқан
Адалдықпен от кешті жас арыстан
Лайық бүгін жылдар жылжып өткен дағы
Жауынгерлер бар құрметпен алғысқа.