Оқушыларды жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу

Скачать

Өзін - өзі тану сабағының жоспары 7 - сынып
Тақырыбы: Сыр мен сымбат
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: мейірімділік, ақылдылық, адамгершілік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап, қорғай білуге шақыру;
Оқушыларды жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.


Скачать


zharar.kz