Математика сабағында біз нені үйрендік

Скачать

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Математика 1 сынып
Тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру

Сабақтың мақсаты: Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту

Ойлау дағдысының деңгейі: Білу және түсіну
Бағалау критерийі Санды және әріпті өрнектерді анықтайды, ажыратады,
Санды өрнектерді жазады, тапсырмалар құрастырады, сандарды дұрыс салыстырады
Дескриптор Санды және әріпті өрнектерді анықтайды,
- ажыратады
- сәйкес өрнек жазады
- құрастырады және салыстырады
Ресурстар: табақшалы таразы, қалам және қарындаш, аю және қоян суреті, А4 пiшiндегi қағаз парақтары; әрбір оқушыға арналған маркерлер.
Тірек сөздер: теңдік; теңсіздік. равенства, неравенства
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, сауат ашу, көркем еңбек

Дайындық кезең:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сәлемдесуі Сәлеметсің бе достым.
Психологиялық дайындық
1, 2, 3 отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

- Қазір бізде қай сабақ?
- Математика.
- Дұрыс айтасыңдар. Математика сабағында біз нені үйрендік? Ыстық картоп әдісі бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады.(санауды, қосуды, азайтуды, салыстыруды үйрендік)
Проблемалық сұрақ: Математика пәнін өмірмен байланыстырамыз. (Адамның жасын, мекен жайын, ақша санауда, қай жыл екенін білуде)
Балалар қазір қай мезгіл? Қыс.
№1 Слайд. Қыс табиғаты туралы видео көрсету. Суретте нелерді көрдіңдер?
Аққала, шырша, тиін, қоян, құстар, үй, қар, шана, адамдар және балалар қар лақтырып ойын ойнап жатқанын көрдік.
Осы суреттердің әрқайсысының артында сендерге арналған тапсырмалар бар. Осы табиғат суретін өздерің салғыларың келе ме? Дайынсыңдар ма?
Сендердің ойын ойнағыларың келе ме? Ия.
Оқушылар алдарында тұрған ақ қағазды умаждап, домалақтап қар жасайды. Бір - біріне лақтыру арқылы, қар лақтыру ойынын ойнайды. Қағазда жазылған сөзді оқытамын. Қызыл, жасыл, көк қағаз түстері арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
Өздерің байқағандай біз бүгін математика сабағында қандай тақырыппен танысып білімімізді жетілдіреміз Санды өрнектерді салыстыру туралы білетін боламыз. математикада Өрнектің мәнін салыстыру деп атаймыз Күлімсіреген смайлик тапсырмасы 5, 4, 3 сандарына байланысты.
Махаббат күні құтты болсын. Мереке сөзіне дыбыстық талдау жасау.
1 - тапсырма: Ауызша санау:
1 - топ: 1 - 10 - ға дейін тура санау.
2 - топ: 1 - 10 - ға дейін кері санау
3 - топ: ағылшын тілінде санайды. ( қызыл және көк қима қағаздар арқылы, бірін - бірі бағалайды)
2 - тапсырма:
1 - топ: үйрек пен кірпі санын салыстыру 4*3
2 - топ: 4 +а және 5+а әріпті өрнекті салыстыру 4+а *5+а
3 - топ: Таразыдағы салмағы белгісіз қоян мен аюды салыстыру арқылы санды өрнектің мәнін табу 3+5 және 1+10
Топтар бірін - бірі бағалайды.
2 Слайд: Электронды оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс: Жаңа сабақты түсіндіру
Аққаланың тапсырмасы:
Жұптық жұмыс: Текшені лақтырып, түскен беттегі санға байланысты өрнек жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір - бірінің жұмысын салыстырып, санды өрнектерді салыстырады.
Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраймын. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсынамын. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіру.. Мысалы:
2 + 5? 6 + 4;
7 10;
2 + 5 6 + 4.
Аққаланы ілемін

Мұғалімнің аты: Бостанова А. М.
Санды өрнектерді салыстыру жүктеу


Скачать


zharar.kz