Қайрош қандай бала

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов Жаңа достар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сұраққа толық, дұрыс жауап беруге, өз ойларын дәл жеткізуге, әңгімедегі негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын тереңдету. Білімге деген құмарлықтарын, талпыныстарын арттыру. Тапқырлыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адал достыққа баулып, оны бағалай білуге, жақсы - жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Ғ. Мүсірепов суреті, слайд, Қайырғали Сұмағұлов портреті, интерактивті тақтаны пайдалану(сұрақ кестесі).
Сабақтың түрі: Іздендіру
Сабақтың әдіс - тәсілі: Деңгейлік тапсырмалар беру. Топпен жұмыс, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1 - топ. Үзіндіге өз ойларын жазып келу.
2 - топ. Үзіндіден портрет табу.
3 - топ. Шығармадан пейзаж, кейіптеуді табу.

1. Қызығушылығын ояту. Бәрін білгім келеді? ойыны
Тест сұрақтар:
1. Ғ. Мүсірепов қай жылы дүниеге келді? 1902ж
2. Ақын қай жерде дүниеге келді? Солтүстік Қазақстан
3. Ғ. Мүсірепов пьесасы қайсысы? Қыз Жібек
4. Қайрош шешесімен бірге ауылға кетпей неге балалар үйінде қалды? Оқығысы келді.
5. Қайрош кімнің прототипі? Қайырғали Смағұлов
6. Ол кезде қай жыл бейнеленген? 1941ж
7. Қайрош нешеге дейін санау білді? 2887
8. Шеген неше өсиет айтты? 3
9. Қайрош қандай бала? Талапты.
10. Шеген не себепті үйден кетті? Молдада оқымау үшін

11. Бораш қандай бала? Қыз мінезді
12. Шеген Қайроштың аяғы ауырғанда не істеді? Йод пен май жақты.
13. Борашты өгей шешесі неден құлатып жіберді? Қораның төбесінен.
14. Бораштың аяғын не кесіп кетті? Соқа.
15. Олар қандай достар? Адал
16. Салқын сарай үйлері неден жасалған? Үңгір ішінен.
17. Балалар үйінде неше бала тәрбиеленді? 50
18. Тәрбиеші апай кім? Мария апай
19. Тәрбиеші анасына не ұсынды? Шай.
20. Қайроштың ағасы кім? Айдаш

21. Қай теңіз бейнеленген? Каспий.
22. Шеген ең алдымен адамға не керек деді? Бас.
23. Балалар күнкөріс жолында не істеді? Өнерлерін көрсетті.
24. Ақын неше жасында қайтыс болды? 83ж.
25. Қайрош қалаға не үшін қашты? Сиыр бақпау үшін.

2. Мағынаны тану. Композициялық құрылымы:
1. Шығарманың басталуы – Қайроштың қалаға қашуы
2. Шығарманың байланысы – Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы
3. Шығарманың дамуы – Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі
4. Шығарманың шиеленісуі – Милиционердің балаларды қууы.
5. Шығарманың шарықтау шегі - Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.
6. Шығарманың аяқталуы – Қайырғалидің балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі.


Скачать


zharar.kz