Жаңа сабақ бойынша дескрипторлар

Скачать

Қазақ тілі 7 сынып
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Сабақ тақырыбы: Достық – өмірлік нұсқа
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7. Т А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7 ӘТН 3 Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі, сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоя біледі
Кейбір оқушылар орындай алады:
Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.
Сабақтың түрі: • Жаңа білімді меңгерту.
Оқыту әдістері: • Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, Ыстық алақан тренингі, Кіші шеңбер тәсілі , Биопоэма тәсілі, Балық қаңқасы диаграмма, Қабырғадағы сұлба , смайлктер, Бес саусақ тәсілі
АКТ - мен байланыс: • Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, аудиотаспа, түрлі - түсті маркер, плакат, А4 қағазы
Күтілетін нәтижелер: • Достықтың адам өміріндегі маңызын түсініп, адал дос пен амал досты ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі: • Түсіну. Білу. Қолдану
Бағалау критерийі: • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі
• Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, орынды қолдана алады.
Жаңа сабақ бойынша дескрипторлар: • Мәтінді түсініп оқиды
• Биопоэмалар оқиды, талдайды.
• Фразеологизм, мақал - мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.
• Сұрақтарға жауап береді
• Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, оқиғаның басталуы, дамуы мен қорытындысын пайымдай алады.
• Тақырып қоя біледі
• Мәтінді жеке оқи алады
• Қабырғаның ішіне мәтін мазмұнын жазады
• Сұлбаның сыртына мәтін бойынша сұрақтар дайындай алады
• Оқушылар себеп – салдар диаграммасын сызады және жазады
Тілдік мақсат: • Жады ағаш - айыр түйенің арқасына мініп жүру, жүк арту үшін салынатын арнайы әбзел. Жады ішіне қамыс, қоға салынып, киізден тігіледі. Жады салынған түйенің терісі қажалмайды және жүкті де көп көтереді.
• Мес - теріден жасалған ыдыс. Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құяды. Мес жолаушылар, көшіп қонушыларға, бақташыларға сусын құйып алып жүруге өте ыңғайлы ыдыс.
• Ұнжырға - адамның көңіл күйі
• Мақұл десіп – ымыраға, бір шешімге келу.
Алдыңғы оқу: • Достыққа тән қасиеттер
Дереккөздері: • Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
Құндылықтар: • Нағыз шынайы достық адамдардың бір - бірімен терең, таза және адал қарым - қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды деген. Нақты ой айтқан философ: А.Шопенгауэр

Мектеп: №16 Д. Жазықбаев
Мұғалімнің аты-жөні: Мыңжасарова Гауһар
Достық – өмірлік нұсқа. жүктеу


Скачать


zharar.kz