Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
2 - сынып
Тақырыбы: Жас математик сайысы
Мақсаты: Оқушыларды жылдам есептеуге үйрету. логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Мультимедия технологияларын белсенді пайдалану барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылды.
Құрметті ұстазадар, оқушылыр 2 - сыныптар арасында өткізіліп отырған Жас математик сайысына қош келдіңіздер.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдеріңді одан әрі тереңдету.
Бүгінгі сайыста сөзжұмбақтар, өлең есептер, логикалық есептерді орындайтын боласыңдар. Әрбір сұраққа дұрыс, нақты жауап берген топ оқушылары жоғары ұпайларға ие болады. Ең көп ұпай жинаған топ Жас математик номинациясымен марапатталады.
Топқа бөлу:
Болам десең – ғарышкер,
Болам десең – дәрігер,
Болам десең – инжинер,
Ең керегі – математика.
Математика өмірде -
Бар білімнің патшасы.
1. Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Кім жылдам есептер шығару
4. Құстар тапсырмасы
5. Логикалық есептер