Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Скачать

Тақырыбы: Ұлулар (былқылдақденелілер) типі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға ұлулардың сыртқы және ішкі құрылысын, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін - өзі дамытуына жетелеу және ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың әдісі - тәсілі: сұрақ - жауап, топпен, жеке жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, маркер, магнит тақта, ұлу, қызықты деректер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, медицина. Жаңа сөздер: малакология, бентос, жемчуг, кальмар, каракатица
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкесін тап

Құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
ІІІ. Ой қозғау.
Тас арқалап жүреді,
Құрлықта өмір сүреді.
Тастамай тас ұяны,
Бақшаға тиер зияны.

Ұлу бейнефильм көрсетіледі.
ІҮ. Жаңа тақырып түсіндіру. Ұлуларды зерттейтін зоология ғылымының саласы – малакология деп аталады. Гректің малакион - ұлу, логос - білім деген сөзінен алынған. Ұлулар су түбінде тіршілік етуге бейімделгендіктен бентосты ағзаларға жатады. Бентос грекше судың терең қабаты немесе судың түбі деген мағынаны білдіреді. Ұлулар типіне жататын 113 000 - дай түрі бар. Кейбір деректер бойынша 130 000 түрі бар. Ұлулар типіне жататын үш класы бар.

Бауыраяқтылар – ұлулардың ішінде түр құрамы ең көп класс. Теңіз суларында, тұщы суларда және құрлықта тіршілік етеді.
1. Денесі бас, тұлға және аяқтан тұрады. Бас бөлімінде аузы, көзі, 2жұп қармалауыштары болады. Аяғы жақсы дамыған және ол денесінің бауыр жағын түгелдей алып жатады. Сондықтан бауыраяқтылар деп аталады.
2. Тыныс алу жүйесі – атмосфералық ауамен тыныс алатындықтан, оның мантия қуысы өкпеге айналған. Мантияны ұсақ қан тамырлары торлап жататындықтан, газ алмасу мантия қуысында жүзеге асады. 3. Асқорыту жүйесі - ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек. 4. Қанайналым жүйесі - ашық, яғни қан тамырларынан шығып, ішкі мүшелерге таралады да, қайтадан қан тамырларының ішімен ағады. Жүрегі 3бөлімнен тұрады. 1 бөлімі қанды бүкіл денесіне, ал қалған 2 - уі қанды желбезектерге таратады.

Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
1. Жақтауларынан түрлі сәнді бұйымдар жасалады. (ыдыстар, моншақ, түйме)
2. Дәмді әрі бағалы еті үшін ауланады. Ұлудың еті қуатты, сіңімді, пайдалы. Еті үшін ауланатын улы түрлері(мидия, теңіз тарағы айқұлақ, тіссіз ұлу)
3. Ұлудың бұлшық етінде А, В, С, Д дәрумендері, йод, темір, цинк, мыс кездеседі.
4. Қосжақтаулы ұлулардың 90 %- Жапония, Корея, Қытай, Индонезия елдерінде көп ауланады.
5. Қосжақтаулы ұлулардан меруерт алынады. Меруерт (жемчуг) алу Жапонияда ертеден бері дамыған. Дүние жүзінде ең үлкен меруерт алып тридакна ұлуынан алынған. Оның бақалшағының ішінен 7 кг меруерт табылған.
Ұлудың сыйы өзгеше,
Адам алар көздесе.
Қолға түспес асыл зат,
Судың ішін кезбесе. (меруерт)

Биологиялық диктант арқылы сабақты бекіту.
1. Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы --- --- --- ---
2. Ұлулардың ішкі мүшелері --- --- --- --- орналасқан.
3. Денесін ерекше қатпарлы --- --- --- қаптап жатады.
4. Тұлға мен шапанша аралығында --- --- --- --- болады.
5. Ұлулардың --- --- --- бір немесе екі бүйректен және --- --- --- --- түтіктен құралады.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма:


Скачать


zharar.kz