Тақырыбы: Гүлдер!
Мақсаты:
Білімділік: Дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.
Дамытушылық: Есте сақтау, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: дидактикалық ойын үлгілері, бөлме өсімдіктері, отырғызылатын материалдар, шелек құмымен, таяқшалар, су құйғыш суымен, қалақтар, клёнкалар, алжапқыштар.
Сабақтың өту барысы:
I. Шаттық шеңбер.
II. Тыныс алу жаттығуы Гүлді көбелекке қондыру .
III. Көктем жылдың ең тамаша мезгілі.
Балалар: - Көктемде жер жыртады, егін, бау – бақша егеді.
- Ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады.
- Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйқыдан оянып гүлден – гүлге қонып хош иісімен, тозаңдарымен қоректенеді.
- Қар астынан ең алғашқы болып бәйшешек шығады.
- Көктемде қызғалдақ, бәйшешек, бақ - бақ, жауқазын, т. б. гүлдер өседі.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл гүлдер дала гүлдеріне жатады. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады. Дала гүлдері туралы кім қандай тақпақ біледі?
1 - ші бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2 - ші бала: Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.
3 - ші бала: Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
- Дала гүлдері туралы тақпақтар біледі екенсіңдер. Далада өсетін гүлдердің пайдасында білдік.
- Ал балалар біздің топта қандай гүлдер бар? (Балалар гүлдерді атап айтады).
- Традесканция, алоэ, колеус, кактус, кливия, бальзамин, пион.
1 - ші бала: Гүл қауызын ашады,
Күн нұрын шашады.
Қуанышын біліп гүл,
Балаларға күліп тұр.
2 - ші бала: Гүл өсірсең терлеп,
Мұның ата еңбек.
3 - ші бала: Қызыл, жасыл гүл ектік,
Баптап күтіп түрленттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суғардық.
Гүлдендіріп бөлмені,
Бөлмеде гүл қаулады.
4 - ші бала: Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Дидактикалық ойын: Кім шапшаң?
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол шапалақтайды).
- Ал сендер қандай бөлшектерден тұратынын білесіңдер ме?
(Балалар үлгі сурет бойынша көрсетеді)
- Ал жақсы өсу үшін не қажет?
(Балалар гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет екенін айтады.)
- Тағыда не қажет?
(Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.)
- Жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін.
Тәжірибе: Ал енді балалар біздің бөлмеде традесканция гүлі мен бальзамин гүлі жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасасыңдар.
Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып тұруымыз қажет.
Балалар екі ыдысқа бірдей гүлдің көшетін отырғызады. Тәжірибе барысында күнделікті белгілі бір уақыттың аралығында гүлдің біреуіне жақсы сөздер айтып, жеңіл, сазды әуен қойып өсіреді.
Екі ыдыс аламыз. Біреуіне бальзамин, екіншісіне традесканция. Әуелі ыдысқа отырғызбас үшін гүлді түсіндіру. Тамырланған гүлді әңгімелеу. Ыдысқа әуелі тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Тастар арқылы гүл дем ала алады. Топырақты шамалы ғана қазып, гүлді тамырын отырғызамыз. Екінші бала топырақ салады. Үшінші бала су құяды.
Дидактикалық ойын: Жалғастыр .
Мақалдар.
Гүлді гүлдеме, егер сабағы болмаса .
Гүл – өмір қызығы .
Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас .
Гүлші бір гүл егем дегенше, жүз тіккеннің уын жұтады .
Гүлдің тоны қырық жамау. Бірақ иісі бар .
Қыз өссе – елдің көркі.
Гүл өссе – жердің көркі.
Дидактикалық ойын: Сөйлем құрастыр
Суреттен балалар сөйлем құрайды. Гүлдің пайдасын айтады