Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол. (В.Г.Белинский)
Тіршілік үшін тамақ қандай қажет болса, тән саулығы үшін еңбек те сондай қажет. (Д.Беллерс)
Еңбек ету дегеніміз – өзіңнің өскеніңді, шексіз бақытты екеніңді сезіну. (Джузеппе Верди)
Еріншектер бір нәрсені енді ғана қолға алғалы жүреді. (Л. Вовенарг)
Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбексүйгіш бола алады. (Д. Дидро)
Бармағынан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.
Біреудің қатесі – біреуге сабақ. (Рей)
Ешнәрсені кейінге ысырма: кейін, бәрібір оңай болмайды. (Жан Поль)
Аштық еңбекқордық әйнегінен үңілгенмен, үйіне бас сұға алмайды. (Б.Франклин)
Білім – қазына қоймасы, оның кілті – практика. (Томас Филлер)
Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді. (Стафан Цвейг)
Жігер жоқ жерде жол тұйық. (Бернард Шоу)
Нақыл сөздер №2 қарау