Қар еріп, құстар келетін қай мезгіл

Скачать

Тақырыбы: Тірі және өлі табиғат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүниетанымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд суреттері жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, көкөністер.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

2. Сұрақ - жауап ойыны.
- Балалар табиғат дегеніміз не?
- Табиғат - бізді қоршаған орта.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайт суреттері)
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.

3. Не жаман, не жақсы? сөздік дидактикалық ойын.

4. Сөздік жұмыс. (Тақпақ жаттау, 2 рет қайталау)
Табиғатым - тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

5. Жеке тапсырма.(Суреттен тірі табиғатты жасыл, өлі табиғатты қызылмен бояу)

6. Қызықты сәт. Есік қағылады. (Түлкі қонаққа келеді)
- Балалар, мен орманда тоңып қалдым. Аңдардың бәрі жылы киімдерін киіпті, ал мен жыл мезгілдерін білмеймін, қыста киетін киімді ажырата алмаймын. Маған көмектесіңдерші.
- Балалар, көмектесеміз бе?
- Олай болса, мен сендерге жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қоямын. Кім тапса, сол жыл мезгілі болады.
- Аққала жасап, сырғанақ теуіп ойнайтын қай жыл мезгілі?
- Қар еріп, құстар келетін қай мезгіл?
- Күн ысып, суға шомылатын қай мезгіл?
- Жеміс - жидек пісетін, Астық жинайтын қай мезгіл?
Жыл мезгілін байланысты киімді тап ойыны.
Түлкі балаларға рахметін айтып, кетеді.

7. Халық болжамдары.
- Түнде қырау түсс, күндіз қар жауады.
- Қарға қақылдаса, қар жауады.
- Өрмекші бұрышқа тығылса, жел болады.
- Жылқы аунаса, күн бұзылады.

8. Көктемгі отырғызу. (Ыдысқа балалармен гүл егу)
- Балалар, қазір мынау ыдысқа жер саламыз, одан кейін гүлдің тұқымын саламыз да, жермен жабамыз. Енді су құямыз.
- Көрдіңдер ме балалар, тірі табиғат өлі табиғатсыз өспейді.
- Біздің гүліміз өсу үшін не керек екен?
- Су. жер керек.
- Енді еккен гүлімізді терезенің алдына қойып, күнде кезекпен суарып, бақылап отырамыз.

9. Өздерін бағалау.
- Балалар мына шырша жай тұрған жоқ.
- Балалар сендердің алдарыңда жұлдызша және дөңгелек пішіндер тұр. Бүгін сабаққа өте жақсы, белсенді қатыстым деген бала жұлдызшаны, ал орташа қатыстым деген бала дөңгелекті шыршаға іледі. Өздеріңді бағалап көріңдерші.
- Қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі болды.

10. Қорытынды.
- Тас өсіп көбейе ме?
- Сусыз тіршілік бол ма?
- Біз қандай табиғатқа жатамыз?


Скачать


zharar.kz