Қырық өтірік ертегісі

Скачать

БҚО, Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Насретденова Анаргүл Елдосқызы

Тақырыптар
1. Қырық өтірік ертегісі
2. Ахмет Байтұрсынұлы Екі шыбын
3. Тазша баланың тапқырлығы
Әдебиет 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қырық өтірік ертегісі
Мақсаты: Ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету
Күтілетін нәтиже: А. Ертегі мазмұнын айта алады;
Б. Басты кейіпкерге мінездеме береді
С. Өз ойын еркін жеткізеді, тапқыр болуға дағдыланады
Керекті жабдықтар 5 - сынып оқулығы, кері байланыс парағы
Пайдаланылған әдіс – тәсілдер: СТО: Жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау
Сабақ барысы
Мұғалім әрекеті
Кіріспе 2 минут
Оқушыларды топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын тексеру 15 минут
1 - топ
Керқұла атта Кендебай ертегісін композициялық құрылысына талдау
1) Кендебайдың дүниеге келуі
2) Керқұланың тағдыры
3) Кендебай мен жетім бала
4) Кедебайдың аралға баруы
5) Кендебайдың биені күзетуі
6) Хан бұйрығы
7) Кендебайдың бұйрықты орындауы
8) Кендебай мен ханның бір - біріне шарттары
9) Баланың ата - анасымен қауышуы
10) Керқұла атты Кендебайдың елі

1 - топ 5 жолды өлең (Батыр)

2 - топ
Венн диаграммасы
Қендебай
Ер Төстік

3 - топ Кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді
1. Сипаттама қай ертегіден?
Ол өзгеше болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай, бір жылда жаңа өспірімдей алып бала болып өсіпті.
2. Керқұла атты Кендебай ертегісінен үзінді. Кімнің сөзі?
Ардақтаған анаңды алса, Төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, Көрген күнің құрысын .
3. Керқұла атты Кендебай ертегісінде Қазанғаптың баласының аты
4. Кендебайдың орнында болсаң қозы баққан балаға қандай жақсылық жасар едің?
5. Керқұла атты Кендебай ертегісі қандай ертегі түріне жатады?
6. Кендебайдың аты қалай аталады? Жылқы туралы мақал айт.
Кез келген шығарманың тақырыбы және идеясы болады.
Тақырыбы: Керқұла атты Кендебайдың ерлік істері
Идеясы: Жақсылықтың жамандықты жеңуі

Тұсаукесер 3 мин
Қырық өтірік ертегісі
- Өтірік дегеніміз не?
- Өтірік айтуға бола ма?
Олай болса, бүгінгі сабағымыз Қырық өтірік деп аталады
Әңгімені топқа бөліп беремін.
әткеншек әдісі арқылы орындайды
Негізгі бөлім 10 мин
Бүгінгі сабағымыз Қырық өтірік ертегісі
Қырық өтірік атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндап, мәтіннен тауып оқы.

Сөздікпен жұмыс 5 мин

Қорытынды 5 мин

Үйге тапсырма:
Қырық өтірік ертегісін оқып келу.
Бірнеше бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қою.
Бағалау


Скачать


zharar.kz