Сабақтың тақырыбы: Қорықтар
Сабақтың мақсаты:
- Қорықтар туралы алған білімдерін толықтыру. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін жаттығулар арқылы бекіту.
- Оқушылардың сөздік қорын дамыту, сауатты жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатын аялап, қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: қайталау - жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөйлеу, мазмұндау.
Сабақтың көрнектілігі: қорықтардың суреттері (слайд).
Эпиграф:
ХХ - ХХІ ғасыр аралығындағы адамзат үшін қауіпті жағдай - қоршаған ортаның нашарлауы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ Эпиграфты оқып, талдау.
- Қоршаған ортаның нашарлауы дегенді қалай түсінеміз?
- Өсімдіктер мен жануарлар біздің табиғат байлығымыз. Олар бізге керек. Оларсыз емір сүруге болама?
- Олай болса бізге нелер керек екен?
- Қорықтар не үшін керек?
- Қазақстанда неше қорық бар?
- Ал, ұлттық саябақтар нешеу?
ІV Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бір рет ішінен оқу.
V Картамен жұмыс. Мұғалім көрсетіп, әр қорықтың атауын, қайда орналасқанын сұрайды.
VІ Әңгімелеу.
Әр оқушы слайдты көрсете отырып, қорық туралы айтады.
- Ақсу - Жабағылы
- Алакөл
- Алматы
- Барсакелмес
- Батыс Алтай
- Қаратау
- Қорғалжын
- Марқакөл
- Наурызым
- Үстірт
VІІ Көрсетуден кейінгі кезең.
Сұрақ - жауап, қорытындылау.
Қазақстанның картасынан көрсетіп, белгілеу.
- Қорықтардың ең жақсысы кайсысы?
- Қай қорыққа 84 жыл болды?
- Қай қорықтағы көлдің суы ең таза және тұщы?
- Қай қорықты ғылыми зертхана деуге болады?
- Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары мен студенттердің далалық базасы болған қорық.
VІІІ Грамматика.
Сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұрады? Салаластан айырмашылығы:
1) баяндауышы (бағыныңқылы) тиянақсыз.
2) жұрнақтар арқылы жасалады.
ІХ Тапсырмалар:
1. Арал теңізі жоғал..., Барсакелмес қорығының жағдайы нашарлайды.
2. Үстірт қорығының климаты қатал бол..., жануарлар мен өсімдіктерге өте бай.
3. Мен Астанаға барамын. Қорғалжын қорығына міндетті түрде соғамын.
Х Қортынды.
- Сонымен біз бүгін нелер туралы айттық?
Рефлексия:
- Қандай жаңа мағлұмат алдық?
- Нендей қызықты нәрселер білдік?
- Қиындық болды ма?
- Жалпы не білдік?
ХІ Үйге тапсырма:
1. Қорықтардың пайдасы.
2. Табиғатты қорғаудағы менің үлесім.
3. Бағалау