Қазақ тілі 8 сынып
Тақырыбы: Қарсылықты салалас сөйлем
Мақсаты:
Білімділік: салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, талдау және салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, елжандылыққа, тілін және дінін сыйлай білуге баулу, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтық түрі: ойын сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: эвристикалық (іздендіру), сұрақ - жауап, топтастыру, талдау, жинақтау, түсіндіру, әңгімелеу, жаттықтыру, ойландыру, Венн диаграммасы, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (ActiveInspire) бағдарламасы, үлестірмелі парақшалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
I. Амандасу; Түгендеу;
II. Сабақтың мақсатын хабарлау;
III. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
IV. Оқушыларды екі топқа бөліп, топтың қолбасшысын тағайындау.
Мұғалім:
- Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, өйткені біздің жұмысымызды келген қонақтарымыз бағалайды, сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып, білімдерінді көрсете алуға тырысасыңдар деп ойлаймын.
2. Үй жұмысын тексеру:
А) Теориялық жұмыс. Тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.
1. Құрмалас сөйлемге түсінік беріңдер.
2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер байланысуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3. Салалас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілерін атаңдар?
4. Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін атаңдар.
5. Ыңғайлас салалас сөйлемнің ерекшелігін атап түсіндіріңдер.
6. Себеп - салдар сөйлемнің басқа түрлерінен айырмашылығы неде?
Б) Практикалық жұмыс.
Мұғалім: Теориялық білімдеріңді тексердік, енді алған білімдеріңді практикада қолдана алуларынды тексеріп көрелік.- Әр топқа үлестірмелі парақшалар беріледі, топтың міндеті берілген тапсырманы лезде орындап шығу, салаластың қай түріне жататынын дәлелдеу.
№ 1 парақша.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.
Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
№ 2 парақша.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.
Ол сабаққа дайындалмаған, себебі кеше кітапханадан кітап таба алмады.
Жаңа сабақ: тақырыпты түсіндіру.(тірек - сызбаларды пайдалану)
Құрмалас сөйлем
↓
Салалас, Аралас, Сабақтас
Салалас
↓
1. Ыңғайлас
2. Себеп - салдар
3. Қарсылықты
4. Түсіндірмелі
5. Талғаулы
6. Кезектес
Сабақтас
↓
1. Шартты
2. Қарсылықты
3. Мезгіл
4. Себеп
5. Қимыл - сын
6. Мақсат
Қостанай қаласы.
№ 17 орта мектептің мұғалімі
Гүлнұр Оспанова
Қарсылықты салалас сөйлем жүктеу