Сымбат жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Курмалова Асель Агисовна
Педагогикалық өтілі: 20 жыл
Білімді ұрпақ - ел тірегі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отыра, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту, ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ата-бабаларымыздың ұлағатты сөздерін түсіндіріп, содан ғибрат алуға үйрету.
Сабақ барысы.
Көңілді әуен ойнап тұрады.
- Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар, әділ-қазылар алқасы! Білімді ұрпақ – ел тірегі! атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз.
Уа, жараңдар, жараңдар,
Кәне, бері қараңдар.
Білімімізді сынатып,
Разы, қош болыңдар.
Біз бар білімімізді ортаға салып, өнерімізді әсем әнмен, көңілді күймен өрнектейік. Біліміміздің молайып,сөз байлығымыздың тереңдегенін көрсетейік.
Жүргізуші:
Ұлы Отан борышын ақтаймыз деп,
Жалындап жанамыз, жатпаймыз тек
Көк ту жанында ант берді.
Әкелер дәстүрін сақтаймыз деп.
Күшімен төгілер теріміздің,
Ырысын тасытар жеріміздің.
Ол үшін жастарымыз келешекте
Атағын асырар еліміздің.
Алмас қылыш тегін жатпас қабында
Ал, ұл – қыздар аянбаңдар, арында
Желпіндіріп мына отырған қауымды
Алда болып, оттай жанып лаула!
Ойынымыз жарыс түрінде өтеді.
1. Топқа бөліп отырғызу.
2. Ребус арқылы топтың атын шешу.
3. Білгіштер мен Ойшылдар .
4. Ұрандары.
Білгіштер тобының ұраны:
Ойлаймыз, ойнаймыз,
Қандай қиындық болса да
Жеңбей оны қоймаймыз.
Ойшылдар ұраны.
Отанның ұл – қызы
Гүліміз қырмызы
Біздерді күтеді
Аспанның жұлдызы.
(эмблема беру, оны қорғау)
5. Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Жүргізуші:
Білім, өнер, алғырлықты
Әділқазы көріңіз
Қара қылды қақа жарар
Әділ баға беріңіз
6. Топ басшыларын сайлау.
7. Топ басшысын сайлайық,
Қарсыластан қалмайық.
Намысты қолдан жібермей
Әдептен де озбайық.
Ойынды Білгіштер тобы бастайды. Тапсырманы бірінші болып орындасаңдар, алдарығыздағы дыбыс бергіш құралды баса қоясыздар. Дұрыс жауапқа бір асық беріледі.
Математикадан сұрақ.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық .
Математикалық жұмбақ шешіп
Бір серпіліп қалайық.
Алпыс төрт бөлмеде,
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қыл бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар
Халық үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын(Шахмат)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш)
Ана тілінен:
Ғасырлар бабам жазғанын
Шашып алсам, кім болам?
Ана тілі – арым, иманым,
Айырылсам, берер кім маған?
Ақын-жазушылар жайлы сұрақтар қойылады.
Сөз өнері.
Жүргізуші:
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата-мекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Алаштың біртуар Абайы: Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі, өзі де есті болады , - деп тегін айтпаған.
Ат жүйрігі – асқа
Тіл жүйрігі – басқа, - деп атам қазақ айтқандай, тілдің алмайтын қамалы жоқ.
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның,
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап
Туған тілді жаттап өскен баламын
Ақын, сазгердің тіл туралы өлең, жырларын әуенімен айту.
Музыкалық үзіліс.
Жүргізуші:
Заманның лебімен жел есетін
Келді ғой кезек, міне, кездесетін
Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп
Жаңылып, қыран – топан күлісетін.
Жаңылтпаштар.
Сызық сызып, қызық сызды,
Қисық сызып, бұзып сызды.
Жоғалды бес шыбын
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс.
Мақал – мәтел шешу.
Басқа пәле тілден
Ақылы қысқанын тілі ұзын
Тіл туралы өлең оқу сайысы.
Тамаша өлең таңдайға татып балдай
Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай
Жан дүниең жарқырап сала берер
Ағарып келе жатқан атып таңдай
Музыкалық үзіліс. Қара жорға
Ана тілі жайлы өлең шумағын құрау.
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Керек емес өзгенің өлшемінің
Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы
Кейіпкері емеспін ертегінің
Ойлан тап жұмбақ жасыру.
Ымырт түссе шығамын
Таң атқанда батамын
Көк теңізде шашылып,
Көзімді ілмей жатамын.
(Жұлдыз)
Бір үйге көзсіз боп
Басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
(Мектеп)
Әділ-қазылар алқасы қорытынды жасайды. Марапаттау. Алғыс хат беру.
- Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз аяқталды.
Жүрегіміз ел ертеңін ойлайды,
Тілегіміз болашақты болжайды.
Ұлылар да ұрпағымен жаңарар
Ал ұрпақсыз ешбір халық болмайды, - дей отырып білімді, ойлы азамат болыңдар! Еліміздің тірегі – сендерсіздер, біз болашағымызға сеніммен қараймыз.