Сабақтың барысымен таныстыру

Скачать

Математика 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту).
Сабақтың мақсаты:
* 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды өрнектер, санды салыстыру, есеп шығару дағдыларын пысықтау, қайталау.
* Ойын есептер арқылы оқушылардың ойлауын арттыру, белсенділігін ояту. * Тапқырлыққа, алғырлыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, өрнектер
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қане, қолды қояйық
Дәптер, қалам алайық.
Жалқауланбай бүгінде
Сабаққа ден қояйық.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 138 - бет. №5 тапсырма. Тапсырманы ауызша тексеру.
3. Жаңа сабақ. Сабақтың барысымен таныстыру. 1 - Тас қақпа , 2 - Күміс қақпа , 3 - Алтын қақпа . Алтын қақпаға жеткендерге алтын кілт беріледі.
Бағалау түрімен таныстыру. (шаршы, жұлдызша)
Тас қақпа Қоянның тапсырмасын орындап, қақпаны ашу керек.
Сәбіз жинау ойыны. Оқушылар шашылып жатқан сәбіздерді жинап, тапсырманы орындау керек.
№1 тапсырма. Өрнектерді пайдаланып теңсіздіктер құру.
5+4
8+2
6 - 3
9 - 5
2+4
4+3

Тас қақпаның ашып келесі тапсырмаға көшу.
Күміс қақпа Аюдың тапсырмасын орындап, қақпаны ашу керек.
Математикалық диктант. Жауаптарын дәптерге жаздыру.
2 - мен 3 - тің қосындысы
3 - пен 3 - тің қосындысы
6 - мен 4 - тің қосындысы
8 - бен 2 - нің қосындысы
10 - мен 3 - тің айырмасы
5 - пен 2 - нің айырмасы
9 - бен 1 - дің айырмасы
Күміс қақпаны ашып, келесі қақпаның тапсырмасын орындау.
Алтын қақпа Арыстанның тапсырмасын орындап, қақпаны ашу керек.

1 - тапсырма. 139 - бет. №2 - тапсырма. Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырып жазу.
Сергіту сәті.
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айландыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай.

2 - тапсырма. Ойлан, тап ойыны. Шығармашылық тапсырма.
1) Амал таңбаларын қой:
5 * 4 * 3 * 2 * 1 = 5
5 – 4 + 3 + 2 – 1 = 5
Шаршыға 1, 2, 3, 4цифрларын әрбір көлденеңінен, тігінен бірдей цифрлар болмайтындай етіп орналастыр.


Скачать


zharar.kz