№28 Абай атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, қызықты сұрақтар, әр түрлі тапсырмалар, тест т. б.
Оқыту әдістері: Сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(қызықты сұрақтар)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
• практикалық жұмыстар
• сәйкестендіру
• информатикалық диктант
• Ойлан тап
• Білім тест
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру 1 мин
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау 2 мин
Қызықты сұрақтар:
Power Point не үшін арналған бағдарлама? Презентация жасауға
Power Point - ты іске қалай қосуға болады? Пуск - Все программы -
MS Offise - MS Power Point
Слайд дегеніміз не? Мәтінді, объектілерді, клиптерді іске қосатын күрделі объект
Презентация деп нені атайды? Слайдтардың жиынтығын
Слайдтарды қалай қосуға болады? Алдыңғы слайдты белгілеп, ENTER пернесін басып
Слайдтарды пішімдеуге болады ма? Иә
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 10 мин
Графикалық файлдарды ендіру.
Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
1. Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.
2. Фон менюі пунктін таңдаңыз.
3. Исключить фон образца пунктіне жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышы тышқанмен шертіңіз.
4. Способы заливки таңдаңыз.
5. Способы заливки терезесінде Рисунок жапсырмасын таңдаңыз.
Способы заливки терезесінің төменгі бөлігінде Рисунок пунктін таңдаңыз.
Дыбыспен жұмыс.
Егер презентация интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.