Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді табу

Скачать

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірден бірігуі арқылы тұтас бір ұғым беруі, бір сұраққа жауап беретіндігі туралы ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тілін, сөздік қорын, ақыл - ой қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, көркем жазуға, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: біріккен сөздер ережесі жазылған плакаттар, дидактикалық материалдар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жаттығулар, қайталау

І. Ой шақыру
- балалар, суреттен нелерді көріп тұрмыз және оларды қалай жазу керек деп ойлаймыз?
- неше түбірден құралған?
1. Аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, аяқдоп суреттері беріледі.
ІІ. 2. Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығудағы сөздер оқылады
Ауызша сөз құрамына талдау
Туынды түбірден айырмашылығына көз жеткізу
Жазылу емлесіне назар аударту

IV. Тақтамен жұмыс: 2 - жаттығу
1 - оқушы – Кісі аттарын теріп жазады.
2 - оқушы – Аң – құс атауларын жазады
3 - оқушы - Ойын атауларын жазады
4 - оқушы - Дене мүшелерін жазады

V. Көшіріп жазу. Біріккен сөздердің астын сыз
Біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалынып тұрғанын айту. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді табу.
Сергіту сәті
VІ. Өзіндік жұмыс: 4 - жаттығу
VІІ. Сурет бойынша сөйлем құрап жазу.
Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру. Сөздің айтылуында қандай дыбыстардың өзгеріске ұшырағанын табу.
VІІІ. Үйге тапсырма: 5 - жаттығуды біріккен сөздер жасау арқылы орындау. Керқұла атты Кендебай ертегісін тауып оқу.


Скачать


zharar.kz