Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімдер: Экология негіздері
Тақырыбы: Су асты әлемі
Мақсаты: Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру; Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорын толықтыру; Айналасымен өзара қатынас орнату, мінез - құлық мәдениетімен дағдыларын меңгерту; Үлкендермен, достар арасында әдептілікке, табиғатты сүюге, оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Су асты туралы слайд, теңіздің дыбысы, суреттер.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері:
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Көңілді боп жүрейік.
Балаларға теңіз дыбысын тыңдату.
- Балалар ненің дыбысы?
- Теңіздің.
- Дұрыс айтасыңдар.
Ұйымдастырушы - ізденуші
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Бүгін біз кемемен теңізге саяхатқа шығамыз
- Бәріміз көзімізді жұмайық.
(Балалар көздерін жұмады)
1 - 2 - 3 қатамыз,
Теңіз әлемін аралап.
Ғажайыпқа батамыз.
Енді көзімізді ашамыз.
Интерактивты тақтадан немесе теледидар экранынан мұхит тұрғындары туралы слайд көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.
Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе ұлы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.
Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.
Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.
Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі. Әсіресе Көк кит ұзындығы - 30 метр,
салмағы - 150 тонна. Бұл киттің бойының ұзындығын түсіне алу үшін көз алдымызға 5 қабатты үйді елестетіп көру керек.