Деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы білімдерін тексеру

Скачать

Биология
Класс: 8
Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы. Қан тамырлары.№11 зертханалық жұмыс.
Сабақтың мақсаттары:
I. Білімділігі: оқу - ң білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, жүрек және қан тамырлар құрылысы мен қызметтері туралы түсінік беру. Артериялар, веналар, капиллярлармен таныстыру.
II. Дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасау іскерліктерін арттыру.
III. Тәрбиелігі: жеке бас тазалығын сақтай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар мен схемалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, мазмұндау, сұрақ - жауап т.б.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу, түгелдеу. ә) оқу - ң көңілін, назарларын сабаққа бейімдеу. б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
II Үй тапсырмасын тексеру.
1. Деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы білімдерін тексеру:
Қауіп дәрежесі тест Аңыз, әлде шындық , Венн диаграммасы: Табиғи - Жасанды, Иммундық жүйе - тірек - сызба арқылы ашу.
2. Қайталау тесті және де кестелер тапсырмасын тексеру көмегімен білімдерін пысықтау.

Жаңа сабақ
I. Қызығуды ояту.
Жұмбақтар шешу: 1. Жанды мотор сынбайды, күні - түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін, дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)

2. Тарам - тарам бір ғалам, айқыш - ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса, жоғалады бар адам. (Қантамыр)
Сонымен балалар бүгінгі тақырыпта жүрек және қан тамырлармен танысамыз.

II. Ой шақыру.
- Жүрек туралы қандай ой келеді? Жүрек туралы білетін ойларыңызды дәптерге түсіріңіздер. (Жеке жұмыс)
- Мәтінмен жұмыс жасау. Жұптасып негізгі ойларыңызды толықтырып қағазға түсіріңіздер.
- Кез келген организмнің қалыпты тіршілік әрекеті неге байланысты болады деп ойлайсыздар?
Жүрек - конус тәрізді, салмағы - 250 - 300г. Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.

Бекіту. 1. №11 зертханалық жұмысты орындату.
Бағалау.
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz