Алма қосылған аджика
Қызанақ – (помидор) - 3 кг
Алма - 1 кг (семеринка)
Пияз - 1 кг
Сәбіз - 1 кг
Болгар бұрышы - 1 кг
Ащы болгар бұрышы - 300 гр
Қызыл бұрыш - 1 шай қасық
Сарымсақ (чеснок) - 500 гр
Сұйық май - 500 гр
Шекер - 125 гр (5 ас қасық)
Тұз - 80 гр (2 ас қасық)
Қара бұрыш - 15 шт (түйіршік)
Сірке қышқылы (уксус) 9% - 60 гр
Алдымен банкаларды жуып кептіріп қойыңыз, қақпақты да ыстық суға жуып кептіріп қойыңыз.
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген көкөністерді үлкен кастрөлге құйып, сұйық майды құйып отқа қоямыз. Әр 10 минут сайын араластырып тұру керек. Қатты қайнап шыққан соң отты азайтамыз. Жай отта 45 - 50 минуттай қайнатамыз. Дайын болуына 10 минут қалғанда дәмдеуіштерді саламыз, тұз, шекерді саламыз, сірке қышқылын қоямыз. Дайын болған аджиканы стерилденген банкаларға құйып жабыңыз. Суыған соң салқындау жерге шығарып қойыңыз.
Дайындаған: Жадыра