Ашық сабақ
Математика 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бірнеше санның арифметикалық ортасын, берілгендер қатарының өзгеріс ауқымын, модасын табуды үйрету;
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеуін, дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алған біліміне жауапкершілікпен қарауға, өзін және жолдасын
бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сандықшалар, кестелер, парақшалар, жылжымалы тақта т. б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру:
№ 1215
Спорт жарысында команда мүшелері: Айдар - 14 ұпай, Серік - 16 ұпай, Жандос - 16 ұпай, Мәди - 9 ұпай алды. Ал Асхат ұпай ала алмады. 1) Спорт жарысында команда мүшелерінің әрқайысы ота есеппен қанша ұпай алды? 2) Ұпайлардың өзгеріс ауқымын табыңдар.
(14+16+16+9): 4=55: 4=13, 75
16 - 9=7
Сәуірдің 14 - і
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару
Бүгінгі сабағымызды Қыз қуу ойынымен бастағалы отырмыз. Қазақтың ұлттық ойыны туралы түсінік беру.
Өтілген материалдар бойынша қыздар сұрақтар қояды, ал ұлдар жауап береді.
Оқулықпен жұмыс. №1217
(14, 1+18, 2+15, 5+16, 2+22, 4+16, 2): 6=102, 6: 6=17, 1
Жеңілген бала өз өнерін көрсетеді.
Сергіту сәтіне сандықшалардың ішіндегі парақшалардағы тапсырмаларды орындау.
Кішкене сандықшаның ішіндегі тапсырмалар
№1 Қара Жорға биін орындау
№2 Маған сұрақтар қойыңдар
№3 №1219 есептің 1) шығар
(5, 6*8*35) (16*0, 7*20)==(8*7) (2*4)=7
Орташа сандықшаның ішіндегі тапсырмалар:
Менің бақытты сәтім.
Сандар тұратын мақал - мәтелдер айту.
Үлкен сандықшаның ішіндегі тапсырма.
№1220 Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар. 1), 2), 3), 4)
(10, 1+9, 4+9, 9): 3=29, 4: 3=9, 8
(11, 5+9, 7+9, 8+10, 2): 4=41, 2: 4=10, 3
3) 0, 5. 4) 5, 7. 5) 3, 67. 6) 6.
Осы тапсырманы кім бірінші орындаса сандықшаның ішіндегі сыйлыққа ие болады.
Үйге тапсырма № 1226, 1223.
Бекіту.
Кейбір шамалардың сан мәндері өзгеріп отырады. Бұл жағдайда сол шаманың сан мәні үшін есептеулерде оның орта мәні алынады.
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп, сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
Мысалы: оқушы географиядан 4 - ші тоқсанда 3, 4, 5, 5, 4 бағаларын алды. Оқушылардың осы бағаларының арифметикалық ортасы:
(3+4+5+5+4) 5=21 5=4. 2
Өмірге нарықтық экономиканың енуіне байланысты халықтың көп сұрайтын затын анықтаудың, шамалардың орта мәнін анықтаудың қажеттігі зор маңыз алды
Берілгендер қатарының өзгеріс ауқымы – ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы болса, модасы – жиелігі ең көп сан.
Бағалау.
Қосымша:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз
Мықты болсаң арттағыға жеткізбе.
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.
Қағаздың бір жағына сан, екінші жағына санды өрнек жазылған. Тез есептеп сәйкестікті табу керек.
0, 54 ---------------- 0, 6*0, 9
1 --------------------- 56, 4: 1000
0, 0564 ------------- 84, 6: 6
14, 1 ---------------- 4*8*25
1, 3 ----------------- 1 3*3
800 ----------------- 0, 07+1, 23
0, 6*0, 9=0, 54
56, 4: 1000=0, 0564
84, 6: 6=14, 1
4*8*25=800
1 3*3=1
0, 07+1, 23=1, 3