Оқығандарын топта талқылату

Скачать

ОҚО, Созақ ауданы,
Шолаққорған жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Әдебиет 5 сынып
Сабақ тақырыбы: М. Мақатаевтың Барлығы да сендердікі өлеңі
Мақсаты: өлеңнің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын түсіну, құрылысын талдау.
Оқып - үйренудің нәтижесі: өлеңнің мазмұнын біледі, тақырыбы мен идеясын ашады, өлең құрылысын талдайды.
Әдіс - тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, Автор орындығы , өзін - өзі бағалау,
Ойлан. Жұптас. Бөліс. , Екі жұлдыз, бір тілек өзара бағалауы, кері байланыс.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Біздің сынып тақырыбындағы слайдты көрсету. 4 мин
2. Үй тапсырмасын сұрау:

М. Мақатаевтың Фантазия өлеңін жатқа айту. 5 мин.
3. Сұрақтар арқылы өткен сабақты бекіту: Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған? Өздерің бұрын оқыған қиял - ғажайып ертегілердегі қиял мен шындықтың арасында байланыс бар ма? 2 мин

4. Автор орындығына оқушыларды шақыру. 3 мин.

3. Ортаға шығарып, стикерлерді тарату арқылы 4 топқа бөлу: Заман , Өмір , Қазына , Мұра 2 мин.
Мағынаны ажырату кезеңі
Жаңа сабақ тақырыбы таныстырылады: Бүгінгі сабақтың тақырыбы – М. Мақатаевтың Барлығы да сендердікі өлеңі. 1 мин
І тапсырма. Аудиожазбадан М. Мақатаевтың Барлығы да сендердікі өлеңін тыңдату. 2 мин.
ІІ тапсырма Тапсырмалар слайдтан көрсетіледі: Ойлан. Жұптас. Бөліс 1. Әр топ мүшелері оқулықтағы өлеңді жеке оқиды. 2 мин.
2. Оқығандарын жұпта талқылату.
1 мин
3. Оқығандарын топта талқылату.
1 мин
4. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру. 2 мин.
Сұрақтар:
* Өлең кімдерге арналып айтылған?
*Ақын нені мұра етіп ұсына білген?
* Ата ұрпақтар кімдер? Олардың сендерге қалдырар қазынасы нелер?
*Ақын сендердің болашақтарыңа қандай сенім артқан?

ІІІ тапсырма
Әр топқа бір шумақ өлеңнен беріп, құрылысын талдату. Талдау парағы ұсынылады. 6 мин.
Слайдтан еске түсіру үшін төмендегі анықтамаларды көрсетемін.
Ұйқас дегеніміз - өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндесуі.
Шумақ дегеніміз - аяқталған синтаксистік ой.
Бунақ дегеніміз - әр тармақтағы дауыс толқынының соқпағы.
Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы.
Буын дегеніміз - әр тармақтағы дауысты дыбыстардың санына қарай бөлінуі.
Тақырып дегеніміз жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы.
Идея дегеніміз - жазушының суреттеп отырған өмір құбылысына берген бағасы

Әр топтан бір оқушы шығып, жауаптарын оқиды. 5 мин.
Сабақты ақынның өсиет сөзімен қорытындылау.



Скачать


zharar.kz