Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы
Сабақтың мақсаты: пәнге деген ынтасы мен қабілетін, білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: оқушыларды зейіндікке, шындыққа, ұқыптылыққа, іздемпаздыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, деңгейлік.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) үй тапсырмасын сұрау
б) жаңа сабақ
г) үйге тапсырма
д) бағалау
Көрнекілігі: слайдтар, камертон, домбыра.
Физикалық диктант арқылы үй тапсырмасын сұрау
Физикалық диктант (әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)
1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлігінен екінші бөлігіне таралу процесі...
2. Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек... ғана тасымалдайды.
3. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды... деп атайды.
4. Толқынның бір ортадан екінші ортаға өтуі кезінде оның... өзгереді.
5. Толқын жылдамдығы...,... өрнегімен анықталады.
6. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды... деп атайды.
7. Қазақстанда... сейсмикалық станция бар.
Дұрыс жауабы:
1. механикалық толқын
2. энергияны
3. көлденең толқын
4. жылдамдығы
5.;.
6. бойлық толқын
7. 41
Жаңа сабақ.
Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы.
Тербеліс жиілігі 16 Гц - тен 20 000 Гц - ке дейінгі толқындар адамдарда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды.
Жиілігі 20 000 Гц - тен жоғары толқындар ультрадыбыстар, 16 Гц - тен төменгі толқындар инфрадыбыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды.