Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қалай өседі?
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.
Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: Гүлдер, трек схемалары, өсімдіктердің суреттері, дәндер, сұйық май, бауырсақ.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірибелік жұмыстар және ойын.
Қостілдік компонент. Гүлдер - цветы
Күнбағыс – подсолнух
Растение – өсімдіктер.
Мотивациялық қозғаушы күш
Шаттық шеңбері
Балалар жиналды бір топқа
Сен менің, мен сенің досыңмын
Кәне қолды бер досым
Бірге ойнайық қуана.
Релаксация
Балалардың қолдарына бір гүлден беріп, бір біріне тілек айту арқылы бір шоқ гүлді жинау.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар бір біріміздің көңілімізді көтердік, ал енді айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі?
2. Күз айларын атаңдар
3. Күз айларының ерекшеліктері
4. Күз туралы кім өлең тақпақ біледі
Жаңа сабақ
Есікті тақылдатып Буратино көңілсіз болып келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар.
Тәрбиеші: Балалар мынау кім?
Буратино сен неге көңілсізсің, саған не болды?
Өсімдіктер қалай өседі? жүктеу